ЕЛДЕС ОМАРОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНЕ ДЕРЕКТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ
Кіріспе. Мақалада қазақтың зиялы тұлғаларының бірі Елдес Омаровтың өмірі мен қоғамдық-саяси, ғылыми-ағартушылық қызметі деректанулық негізде жан-жақты талданған. Зерттеу жұмысына Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы архив қорларының деректері мен баспасөз материалдары, жариаланған құжаттар жинақтары пайдаланылған. Деректерді салыстырмалы-тарихи және сын тұрғысында талдау нәтижесінде Елдес Омаровтың білім алу кезеңі, Алаш қозғалысына қатысуы, кеңестік уақыттағы ғылыми - педагогикалық қызметі, репрессия жылдарындағы өмірі ашып көрсетіледі. Мақсаты мен міндеттері: Елдес Омаровтың өмірі мен қызметін кешенді деректік материалдар негізінде қалпына келтіру және архивтік, мерзімді баспасөзде және арархивтік материалдар негізінде жарияланған деректерді жүйелеу талдау. Нәтижелері: Е.Омаровтың ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына және қазақ ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқанын білдіреді. Оған қоса деректердің әртүрлі түрлерін кешенді пайдалану зерттеудің обьективтілігін қамтамасыз ететіні айқындалған. Қорытынды: Е.Омаров жайлы жан-жақты талдау оның көпқырлы тұлға болғанын ашып көрсетеді: ол-ағартушы, ғалым және қоғам қайреткері. Зерттеу нәтижелері Елдес Омаровтың қазақ қоғамын ғылыми және мәдени даму тарихындағы орнын айқындап, оның өмірі мен қызметін әлі де тереңірек зерттеудің қажеттігін айқындай түседі.
Сведения
- Журнал
- Otan tarikhy
- Опубликовано
- 2026 · Т. 29, № 2, С. 915-925
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2788-9718
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology