Central AsianResearch Index

ЖАПОНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ БАҚ БЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ (1990-2025)

Кіріспе. Бұл ғылыми мақалада Жапонияның Asahi Shimbun朝日新聞, Yomiuri Shimbun読売新聞, Mainichi Shimbun毎日新聞, Nihon Keizai Shimbun 日本経済新聞және Sankei Shimbun 産経新聞секілді ірі тәуелсіз жетекші басылым беттері (газеттер) 1990 жылдан 2025 жылдар аралығындағы демографиялық өзгерістер мен әлеуметтік жағдайлардың қалай зерделенгенін көрсетеді. Соның ішінде Жапониядағы кейбір өзекті демографиялық мәселелерді Қазақстан қоғамындағы үрдістермен өзара салыстырмалы түрде талдауға көңіл бөлінген. Мақсаты мен міндеттері. Мақаланың негізгі мақсаты Жапония мен Қазақстан мемлекеттеріндегі халықтың қартаюы, бала туу көрсеткіштері, еңбек нарығының құлдырауы, еңбек ресурстарының азаюы сияқты негізгі демографиялық құбылыстарды талдау, әрі жапон қоғамының жылдар аралығындағы өзгерістерін БАҚ-тағы мазмұндық тенденциялар мен тақырыптық дискурс аясында сараптамалық баға беру. Бұл мақала жетекші жапондық газеттердің демографиялық өзгерістерді қалай хабарлағанын және олардың салдарын қалай анықтағанын талдауға бағытталған. Осы орайда алдыңғы зерттеулер мен соңғы эмпирикалық медиа мазмұнын қосу арқылы біз жапон баспасөзіндегі қартаю, туылудың төмен көрсеткіші, ауыл тұрғындарының азаюы, еңбек нарығындағы ахуал секілді мәселелерді жеке қарастыруды міндет етіп алынды. Нәтижелер. Зерттеу барысында Жапония халқының қартаю үрдісі 1990 жылдардан бастау алғандығын аңғардық. Оның негізгі факторы отбасын құруды кешіктіру, баланы дүниеге әкелуге ынталы болмауы, ұлттық құндылықтардың өзгерске ұшырауы, т.б. Сонымен қатар Жапониямен салыстырған Қазақстан халқының демографиялық ахуалы біршама тұрақты, туу көрсеткіші жоғары, қартаю үлесі қалыпты екендігін байқадық. Қорытынды. Демографиялық мәселе әр мемлекет үшін стратегиялық нысан болуы шарт. Оның қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де мемлекеттік демографиялық саясаты болу керек. Аталмыш зерттеу осындай мемлекеттік бағдарлама жасауға, оған түзетулер мен толықтырулар енгізуге өз септігін тигізеді

Сведения

Журнал
Otan tarikhy
Опубликовано
2026 · Т. 29, № 2, С. 804-816
Язык
Казахский
ISSN
2788-9718
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology