Central AsianResearch Index

МӘЛЕНБЕРЛІ ҚОРЫМЫ: ЭТНОАРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Кіріспе. Мақалада Мәленберлі (Мәуленберді) қорымы жайлы жапы ақпараттар мен 2024 жылы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері беріліп отыр. Мәуленберлі қорымы қазіргі Ұлытау обылысының Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев аулының маңында орналасқан. Қорым аумағында Жошы Ұлысы заманынан бастап этнографиялық кезеңге (XIV - XIX ғғ.) дейінгі аралықты қамтиытын жерлеу орындары бар. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл мақалның басты мақсаты Мәуленберлі есімді тұлғанның есімімен байланысы бар Сарыарқа жеріндегі қорымның тарихи-мәдени нысан ретіндегі сипаты мен соңғы жылдары жүргізілген шағын зерттеу нәтижелерін баяндауға негізделген. Зерттеудің міндеті Қазақстанның батыс өңірі мен Сарыарқа даласындағы ұқсас атаулы нысандардың қандайда бір байланысын айқындау және аймақтағы жерлеу дәстүрлерінің трансформациясын зерделеу. Нәтижелер. Зерттеу барысында ғылыми еңбектер мен ауызекі деректерді және далалық археологиялық материалдарды кешенді түрде пайдаланылған. Салыстырмалы-тарихи талдау, компаративті әдіс және жүйелі-құрылымдық дескрипция әлестерін қолдану арқылы ғылыми қорытындылар жасалған. Нәтижесінде Мәуленберлі қорымының жазғы жайлау кезіндегі қоныс орны ретінде белгілі болғандығы және бұл нысан тұлғаның есімін ұлықтайтын қасиетті мекен немесе рулас, туыстас ағайынның қорымы ретінде халық жадында сақталғандығы нақтыланды. Қорымның үш бөліктен (Мәуленберлі 1, 2, 3) тұратын күрделі құрылымы сипатталып, ондағы XIV - XIX ғасырлар аралығын қамтитын түрлі типтегі кесенелер мен мазарларға жіктеме жасалды. Қорытынды. Зерттеу ғылыми қорытындысы ретінде ескерткіш нысанының тарихи-географиялық сабақтастық белгілері, сәулеттік ерекшеліктері мен жерлеу ғұрпының әртүрлілігіне байлынсты жекелеген тұжырымдар жасалды. Бұл Ұлытау өңіріндегі көшпелі қоғамның әлеуметтік иерархиясын, материалдық мәдениетін және ислам дінінің жерлеу рәсімдеріне тигізген ықпалын түсінуге мүмкіндік береді.

Сведения

Журнал
Otan tarikhy
Опубликовано
2026 · Т. 29, № 2, С. 755-763
Язык
Казахский
ISSN
2788-9718
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology