ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАЗАЛАНҒАНДАР: «ОТАН САТҚЫНДАРЫНЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ТАҒДЫРЫНА ТИГІЗГЕН АУЫР ӘСЕРІ
Кіріспе. Мақалада сталиндік қуғын-сүргін саясатына ұшыраған Қазақстандағы әйелдердің тағдыры талдауға алынды. Деректік базасы ретінде саяси-қуғын сүргінге ұшыраған отбасылар ішіндегі әйелдердің ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы жағдайы туралы архив деректері, материалдар мен құжаттар қарастырылды. Зерттеудің әдіснамалық негізі. Тарихилық және ғылыми обьективтілік әдісін негізге ала отырып, Кеңес өкіметінің 20-30 жылдарындағы қуғын-сүргін саясатының себеп-салдары мен өршу кезеңі зерттелді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: ХХ ғасырдағы қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің тағдырын зерттеу болып табылады. Нәтижелері: 1934 жылы КСРО Орталық Атқару Комитеті «Мемлекеттік қылмыс жасау туралы» ережеге «Отан сатқындарының отбасы мүшелері» туралы қосымшаны қабылдауының нәтижесінде саяси режимге қарсы келген «халық жауларының» отбасы мүшелері де айыпталып, қудаланды. Қорытынды: Тарихнамалық зерттеулер мен архив қорларының деректерін салыстырмалы талдау нәтижесінде «Отан сатқындарының отбасы мүшелері» заң талаптарына сәйкес күйеуінің немесе әкесінің, ағасының жасаған қылмысы үшін әйелдер тең жағдайда жазаға тартылған. Бұл өз кезегінде демографиялық ахуалдың күрт нашарлауына, саяси элитаның көзін жоюға өз ықпалын тигізе отырып, еңбекпен түзету лагерлеріндегі әйелдердің тегін еңбек күшін пайдалануға жол ашты.
Сведения
- Журнал
- Otan tarikhy
- Опубликовано
- 2026 · Т. 29, № 2, С. 724-734
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2788-9718
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology