Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 1920–1930-ЖЫЛДАРДАҒЫ «ПАРТИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУЛАР» КЕЗІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

Кіріспе.1920–1930 жылдары жүргізілген «партиялқ тазалауларды» жүзеге асырған Кеңестік Қазақстан мен КСРО жағдайында партиялық бақылау институтының қалыптасуы мен эволюциясы қарастырылды. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан аумағында жүргізілген «партиялық тазалаулардың» алғышарттары, барысын зерттеу. Большевиктік биліктің жазалаушы органдары мен партия мүшелерінің қарым-қатынасын анықтау. Большевиктік партияның құрамын «жат элементтерден», «ойы мен ниеті бөтендерден» тазалау механизмін архив деректері негізінде көрсету. Зерттеушілер назарынан тыс қалып келген архивтік деректерді ғылыми айналымға енгізу. Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысында жалпы тарихи әдістер – тарихи талдау, тарихи салыстырмалы талдау және жинақтау әдістері қолданылды. Аталған әдістерді қолдану барысында салыстырмалы талдау және ғылыми әдістердің барысын талдау, сипаттама жасау және түсініктер беру тәсілдері арқылы көрсетілді. Нәтижелер. Зерттеу жұмысында алғаш рет Партиялық бақылау комиссияларының 1920–1930-жылдардағы қуғын-сүргіндерге қатысуына қатысты құжаттар жарыққа шығарылды. Партиялық бақылау комиссиясы мен жұмысшы-шаруа инспекциясы құрылымдарының біріктірілген кезіндегі іс-әрекеті құжаттық дереккөздер негізінде талдауға алынды. Қазақстандағы партиялық бақылау органдарының пайда болуы Коммунистік партияның билікке монополиясы мен партиялық-мемлекеттік жүйенің орнығуымен тікелей байланысты болғанын архивтік деректер мен зерттеу еңбектер көрсетеді. Партиялық бақылаудың негізгі функциялары – коммунистердің саяси адалдығын қадағалау, партиялық тәртіпті сақтау, фракциялық қозғалыстармен күрес және партиялық ұйымдардың құрамын реттеу мәселелері жан-жақты талданады. БК (б) П Қазақ өлкелік комитеті жанындағы Бақылау комиссиясы мен Жұмысшы-шаруа инспекциясы Халық комиссариатының материалдары негізінде бақылау органдарының қызметіндегі басымдықтардың уақыт өте өзгергені, әсіресе 1920–1930-жылдардағы саяси дағдарыстар мен партия саясатының бетбұрыстары кезеңінде тәртіптік бақылаудың күшейгені айқындалды. Сонымен қатар партиялық бақылау органдарының халық пен билік арасындағы коммуникацияны қамтамасыз етудегі, әкімшілік аппараттың тиімділігін арттырудағы рөлі ашып көрсетіледі. 1930-жылдардың бірінші жартысындағы бақылау органдарының қайта ұйымдастырылуы партиялық вертикальді нығайтуға және басқарудың орталықтандырылуын күшейтуге бағытталғаны тұжырымдалады. 1920–1934 жылдар аралығында партияның ең жоғарғы бақылау органы ретінде қызмет еткен БК (б) П Орталық бақылау комиссиясының аталған кезеідегі партиялық тазалауларды жүргізуде басты роль атқарғаны жайлы баяндалады. Қорытындылар. Қазақстан аумағындағы «партиялық тазалаулар» большевиктік билік қолға алған қуғын-сүргіндер науқандарының құрамдас бөлігі ретінде жүргізілді.

Сведения

Журнал
Otan tarikhy
Опубликовано
2026 · Т. 29, № 2, С. 602-618
Язык
Казахский
ISSN
2788-9718
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology