Central AsianResearch Index

ШУ–ІЛЕ ТАУЛАРЫНДАҒЫ ПЕТРОГЛИФТІК КЕШЕНДЕР: ТАБИҒИ ОРТАСЫ, ШИКІЗАТ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ТЕХНИКАСЫ

Бұл мақалада Шу-Іле тауларындағы петроглифтерді зерттеудің кейбіраспектілері, сондай-ақ жартас суреттері қашалып салынған ландшафт пен тас жыныстарыныңерекшеліктері мен олардың ықпалы қарастырылады. Тарихи-мәдени мұра аясында әртүрлісюжеттерді анықтау және ғылыми тұрғыда зерттеу әдістемелері талданады. Зерттеліпотырған Шу-Іле таулары өңірі тек геоморфологиялық алуан түрлілігімен ғана емес, соныменқатар Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ерекше геологиялық әрі тарихи-мәдени маңызыбар аймақ болып табылады. Себебі бұл өңірдегі жартас суреттері арқылы ежелгіқоныстанушылардың мәдени және рухани өмірі туралы құнды тарихи мәліметтер алуғаболады. Бұл жерлердегі петроглифтер негізінен гранит, кварцит, құмтас және басқа да қаттыжыныстарға қашалып салынған. Зерттеудің мақсаты. Жартас суреттері орналасқан тасжыныстарының физика-химиялық және геологиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттеп,оларды ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ петроглифтердің тарихи маңызын ашып,олардың тарих ғылымындағы рөлін талдау. Шу-Іле таулары аймағынан табылғанпетроглифтер қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі тайпалардың дамыған материалдықмәдениетінің айқын дәлелі болып табылады және терең әрі жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет етеді. Негізгі зерттелетін ескерткіштер Таңбалы және Алмалы кешендеріндешоғырланған. Бұл кешендер ежелгі тұрғындардың күнделікті өмірі, шаруашылығы, руханимәдениеті мен дүниетанымы туралы кең көлемде мәлімет береді. Табылған петроглифтерқола дәуірінен бастап қазақтардың этнографиялық кезеңіне дейінгі уақыт аралығынқамтитын ғылыми деректер ұсына алады. Әрбір ұрпақ өз дәуірінің материалдық және руханимәдениетін толықтырып, оны жартас беттеріне бейнелеу арқылы із қалдырып отырған.Сонымен қатар, бұл өңірдің археологиялық ландшафты ауданның тарихи-мәдени дамуынаерекше ықпал еткен. Қорытынды. Жиналған материалдар бір ежелгі мәдениеттің екіншісінеөзара ықпалын, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын байқауға мүмкіндік береді.Дегенмен, петроглифтердің ежелгі топтарын нақты жіктеп, жүйелеу үшін мұндай зерттеулерәлі де жеткіліксіз.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 2, С. 584-598
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology