СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ТӘРКІЛЕУ ТАРИХЫНАН (1928)
Кіріспе. Мақала 1928 жылы Қазақстанда жүргізілген бай шаруашылықтарын тәркілеу науқанының аймақтық деңгейде іске асырылу ерекшеліктерін, нақтырақ айтқанда Петропавл және Ақмола округтеріндегі жергілікті билік органдарының қызметі мен қолданған әдістерін талдауға арналған. Кеңестік тарихнамада бұл науқан ұзақ уақыт бойы әлеуметтік әділеттілік шарасы ретінде бағаланса, қазіргі зерттеулер оны репрессиялық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде қайта қарастыруда. Осы тұрғыдан алғанда, мақаланың басты назарында тәркілеу механизмдерінің нақты жүзеге асырылу барысы мен оның салдарлары тұр. Зерттеудің мақсаты – Ақмола және Петропавл округтеріндегі бай шаруашылықтарын тәркілеу процесін салыстырмалы талдау арқылы жергілікті биліктің репрессиялық саясатты іске асырудағы рөлін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін тәркілеудің саяси-идеологиялық негіздері, округтік және аудандық комиссиялардың құрылымы мен қызметі, үгіт-насихат тетіктері, сондай-ақ тәркілеу нәтижелерінің әлеуметтік-экономикалық салдары қарастырылды. Зерттеу нәтижелері архивтік деректер негізінде: СҚО, Ақмола облыстарының архивтеры, ҚР ОМА - тәркілеу науқанының формалды түрде заңдастырылғанымен, іс жүзінде экономикалық критерийлердің жиі бұрмаланғанын көрсетеді. Жергілікті билік органдары «әлеуметтік қауіптілік» ұғымын кеңінен қолданып, шаруашылықтарды жасанды біріктіру, аумақтық санаттарды өзгерту және туыстық байланыстарды есепке алмау сияқты әдістер арқылы репрессия ауқымын кеңейткен. Сонымен қатар, тәркілеудің ауыл шаруашылығына нақты экономикалық әсері шамалы болғаны анықталды. Қорытынды. Мақалада Петропавл мен Ақмола округтеріндегі тәркілеу тәжірибесі кеңестік биліктің қазақ қоғамына қатысты әлеуметтік-инженерлік саясатының репрессиялық сипатын айқын көрсетеді. Бұл науқан кейінгі ұжымдастыру, ашаршылық және жаппай саяси қуғын-сүргіндерге жол ашқан маңызды тарихи кезең ретінде бағаланады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 13, № 2, С. 565-583
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3994 · 3135-8055
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology