1920–1930-ЖЫЛДАРДАҒЫ «ЕДІГЕ» ЖЫРЫНЫҢ КЕҢЕСТІК ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ: МАРКСИСТІК АЛҒЫСӨЗДЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Кіріспе.Мақала 1920-1930-жылдардағы кеңестік идеологиялық саясат жағдайында «Едіге» жырының мазмұны мен бейнесінің жаңаша түсіндіріліп, ғылыми дискурста жаңа мағынаға ие болу үдерісін талдауға арналған. Тақырыптың өзектілігі эпостың марксистік-таптық тұрғыдан бағалануы, батыр бейнесінің өзгеріске ұшырауы, сондай-ақ ұлттық мұраны идеология талабына икемдеу механизмдерінің қазіргі тарихнамада толық ашылмауымен анықталадаы. Мақсаты мен міндеттері. Негізгі мақсат – «Едіге» жырының кеңестік кезеңдегі интерпретациялық трансформациясын саралау және Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектеріндегі алғысөздер мен мәтіндік тұжырымдарды салыстырмалы талдау негізінде идеологиялық ықпал тетіктерін айқындау. Осыған сәйкес міндеттер қойылды: 1) алғашқы басылымдардағы марксистік лексиканы анықтау; 2) редакциялық саясаттың эпосқа әсерін көрсету; 3) әрбір автордың жырды идеологиялық талаптарға сәйкестендіру деңгейі мен тәсілдерін салыстыру. Материалдар мен әдістер. Зерттеу дереккөздері ретінде 1920-1930 жж. басылымдар, партиялық құжаттар, фольклор жинақтары мен әдеби-сын еңбектер қолданылды. Талдау тарихи-хронологиялық, салыстырмалы, дискурс-талдау және мәтіндік интерпретация әдістеріне негізделді. Нәтижелер мен қорытындылар. Зерттеу нәтижелері «Едіге» жырына қатысты көзқарастардың біркелкі болмағанын көрсетті: Қ. Сәтбаев эпосты марксистік парадигмаға бейтарап, формалды түрде жақындастырып, Едіге бейнесін «халықтық би-шешен» ретінде сипаттады; М. Әуезов марксистік канонды елемей, эпосты мәдени-тарихи құндылық ретінде талдады; С. Сейфуллин еңбектерінің алғысөздерінде марксистік терминологияны айқын қолданып, жырды кеңестік идеология талаптарына сәйкес түсіндірді. Бұл айырмашылық кеңестік фольклортану арасындағы ішкі әдіснамалық плюрализмді аңғартады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 13, № 2, С. 549-564
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3994 · 3135-8055
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology