Central AsianResearch Index

ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 1954-1959 (БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМАҒЫ МЫСАЛЫНДА)

Мақалада бірлестіктердің құрылуы мен дамуы, сондай-ақ мемлекеттарапынан малшыларды ұжымдастыру науқанына қамту жөнінде жүргізілген саясатсипатталады. Зерттеу барысында партияның идеологиялық саясаты мен әміршіл-әкімшілжүйенің халықты ұжымдық шаруашылыққа қысқа уақытта қамтуы жан-жақты сипатталған.Жәнеде мемлекет тарапынан жеке шаруашылықты ұжымдастыру нәтижесінде әкімшілікбірлікпен бірлестікті қамтыған жаңа жүйенің қалай қалыптасқаны баяндалмақ. Мақсаты менміндеттері. Моңғол Халық Республикасының Үкіметі 1954–1959 жылдары ауылшаруашылығын ұжымдастыру саясатын қарқынды және қысқа мерзімде жүзеге асырды.Демек бұл саясаттың ауылдық жерлерде, соның ішінде орталықтан шалғай орналасқан,дәстүрлі мәдени элементтері мол, ұлттық ерекшелігі бар Баян-Өлгий аймағында қалай жүзегеасқаны және нәтижесі зерттеудің негізгі мақсаты болып табылады. Материалдар мен әдістер.Мақалада жеке шаруашылықты ұжымдастыру барысында мемлекет жүргізген саясат пеноның нәтижесі Баян-Өлгий аймағы мысалында болуына сәйкес жергілікті архив құжаттарынегізінде зерттеліп, талданады. Автордан кеңестік дәуірдегі деректер, сондай-ақ өлкетанудағыекбектер, сонымен қатар демократиялық реформалар кезеңінде көпқырлы көзқарастұрғысынан жасалған зерттеулерге сүйене отырып жаңаша бағалауды ұсынады. Нәтижелері.1954 жылдардан Моңғол үкіметі тарапынан ұжымдастыру қозғалысын кең көлемді өрбітусаясатын ұстанды. Нәтижесінде 1958–1959 жылдары не бәрі бір жылдай уақыттың ішіндехалық шаруашылығы толықтай ұжымдастырылды. Бұл науқанға қазақ қауымы шоғырланғанұлттық аймақ Баян-Өлгийдегі еңбекшілердің қолдауымен үгіт-нәсихат аясында ойдағыдайіске асты. Баян-Өлгий аймағы аумағында көптеген ауыл шаруашылығы бірлестігі орнап,ел халқының қоғамдық, економикалық саласына көптеген өзгерістер болды. Қорытынды.Ұжымдастыру науқанының қарқын алуы жергілікті әкімшілік басқару жүйесін қайтаұйымдастыруды талап етті. Сол себепті 1959 жылы сұмын мен бақ әкімшілік құрылымыөзгертіліп, сұмын әкімшілігі мен ауыл шаруашылығы бірлестігінің басқармасы біріктірілген«сұмын-бірлестік» жүйесі қалыптастырылды.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 2, С. 530-548
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology