Central AsianResearch Index

КЕҢЕСТІК МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕСЕКТЕРГЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (1920–1930)

Мақалада 1920–1930 жж. кеңестік модернизация және сауатсыздықты жою:Қазақстандағы ересектерге білім беру жүйесінің қалыптасуы қарастырылған. Кіріспе.XX ғасырдың 20–30-жылдары Қазақстан қоғамының әлеуметтік және мәдени дамуы кеңестікмодернизация процесімен тығыз байланысты болды. Кеңес өкіметінің білім беру саясатыныңбасты мақсаттарының бірі – ересектер арасында сауаттылықты арттыру және ұлттық ағартужүйесін қалыптастыру болды. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ХХ ғасырдың20–30-шы жж. Қазақстандағы жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен мәдени революциясаясаты аясында жүзеге асырылған кеңестік модернизациялаудың айрықша нұсқасы еді.Оның өзіндік артықшылықтары болды: халықты сауаттандыру, әлеуметтік мобильдік,индустриялық модернизация. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. 1920–1930 жж.Қазақстандағы кеңестік модернизация саясаты аясында ересектерге білім беру жүйесініңқалыптасу процесін тарихи тұрғыда талдау. Дереккөз базасына тарихи зерттеулер, мерзімдібаспасөз материалдары мен архив деректері кіреді. Нәтижелер. Кеңестік модернизацияХХ ғасырдың 1920–1930 жылдары қоғамды түбегейлі қайта құруға бағытталған әлеуметтікэкономикалық және мәдени өзгерістер кешені болды. Оның маңызды құрамдас бөліктерініңбірі – халық арасындағы сауатсыздықты жою саясаты еді. Кеңес өкіметі сауатсыздықтысоциалистік қоғам құру жолындағы басты кедергілердің бірі деп таныды. 1920 жылдардыңбасында қазақ қоғамындағы сауатсыздық деңгейі 90 %-дан асатын еді. Бұл жағдайэкономикалық және әлеуметтік дамуды тежейтін маңызды фактор болды. Кеңестік биліксауатсыздықты жоюды тек идеологиялық тұрғыдан емес, әлеуметтік трансформация менмодернизация процесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырды. Қорытынды. Алайдасауатсыздықты жою үдерісі кеңестік идеологиямен тығыз байланысты болды. Оқу бағдарламалары коммунистік дүниетанымды қалыптастыруға бағытталды, ал білім беружүйесі партиялық бақылауға алынды. Латын әліпбиіне, кейін кириллицаға көшу де мәденисаяси өзгерістердің бір бөлігіне айналды. Большевиктер жүргізген білім беру саясатын, атапайтқанда сауатсыздықты жою, модернизациялаудың соңғы мақсаты – кеңестік зиялылардықалыптастыру болды деген тұжырым жасауымызға негіз бар.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 2, С. 481-501
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology