Central AsianResearch Index

СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КСР ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ЕҢБЕК АХУАЛЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ (1941–1945)

Р.С. Жаркынбаева, А.П. Жаңабай

Соғыстың басталуы қоғамда бұрыннан қордаланып келген материалдық-тұрмыстық түйткілдерді одан әрі ушықтырып, еңбек жағдайын күрт нашарлатты әрі халық арасындағы аурушаңдық деңгейін арттырды. 1941 жылдың екінші жартысы мен 1942 жылдың алғашқы жартысында республикаға Орал мен Сібір өңірлерімен қатар майданға жақын аймақтардан өнеркәсіп орындары мен олардың кадрлары көшіріліп, сонымен бірге эвакуацияланған халықтың қомақты бөлігі орналастырылды. Эвакуация мен депортация қатар жүргізіліп қана қоймай, республика ішінде де, одан тыс жерлерге де халықты еңбекке жұмылдыру және күштеп қоныс аударту шаралары жүзеге асырылды. Бұл мақалада соғыс жылдарында (1941–1945 жж.) Қазақ КСР жұмысшыларының денсаулық жағдайына және медициналық қызмет көрсетудің жай-күйіне әсер еткен негізгі факторларды талдауға талпыныс жасалады. Зерттеу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының орталық және өңірлік архивтерінен алынған нормативтік-құқықтық актілер мен архивтік құжаттарға сүйенеді. Зерттеудің негізін күнделікті өмір тарихы мен еңбек (жұмысшылар) тарихы бағыттарының әдіснамалық ұстанымдары құрайды. Соғыстың салдарынан еңбек ресурстарының жаппай орын ауыстыруы, материалдық-тұрмыстық жағдайлар мен еңбек ахуалының нашарлауы, сонымен қатар жұмыс аптасының ұзартылуы, жұмыс күні ұзақтығының артуы және еңбектің шектен тыс қарқындандырылуы өнеркәсіп жұмысшыларының денсаулығына тікелей әсер еткені жөнінде қорытынды жасалады. Жұмысшыларға медициналық көмек көрсетудің өндірістік қағидаты өз кемшіліктеріне қарамастан, соғыс жағдайындағы төтенше ахуалда ең қолайлы үлгі ретінде танылды. Ресурстар тапшылығы жағдайында бұл жүйе майдан үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өнеркәсіп салаларында еңбек еткен жұмысшылардың денсаулығын белгілі бір деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 2, С. 414-431
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology