ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ІЛИЯС БОРАГАНСКИЙ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ІЗДЕУ КОНТЕКСІНДЕГІ КҮНДЕЛІКТІ ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Мақалада көрнекті қазақ ғалымы, әдебиеттанушы және аудармашы ҚайымМұхамедхановтың Абай шығармалары жинағын жарыққа шығарған алғашқы баспагеріІлияс Бораганскийдің зерттеулеріне қосқан үлесі қарастырылады. Зерттеудің негізгімақсаты – саналы ғұмырын Абай Құнанбайұлының шығармаларын зерттеуге арнағанҚ. Мұхамедхановтың күнделікті зерттеу әдістерін анықтау. Мақалада Қ. МұхамедхановтыңАбайға қатысты барлық тарихи деректерді мұқият жинағаны, бұл оған әдебиеттануда тұтасбір ғылыми саланы – абайтануды қалыптастыруға мүмкіндік бергені көрсетілген. Оныңжетістіктерінің бірі – қырым татар баспагері және Санкт-Петербургтегі түркі-мұсылманбаспаханасының негізін қалаушы І. Бораганскийдің кім екенін анықтау болды. Осығанбайланысты мақала авторлары Қ. Мұхамедхановтың Санкт-Петербург түркітанушыларыменжәне башқұрт жазушыларымен ғылыми және шығармашылық ынтымақтастығынқарастырады. Сонымен қатар, Башқұртстандағы І. Бораганскийдің өмірі мен шығармашылығытуралы жаңа қосымша тарихи деректер берілді. Осы мақала авторлары алған нәтижелерҚ. Мұхамедхановтың еңбегінің әдебиеттану шеңберінен шығып тарихи тақырыпқа бараалғандығын көрсетеді. Атап айтқанда, ол Башқұртстандағы баспа тарихының бұрын белгісізтарауларын зерттеуге елеулі үлес қосты, І. Бораганский жас Башқұрт Республикасындаұлттық баспасөзді құрудың алдыңғы қатарында болғанын анықтады. І. Бораганский Башқұртстанға башқұрт ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, Башқұрт автономиялықреспубликасының негізін қалаушы, түркі әлеміндегі ірі саяси қайраткер және түркітанушыАхмет-Зәки Валиди Тоғанның шақыруымен келгендігі жайлы, сондай-ақ 1919–1920жылдардағы қызметтестігі, Олардың Петроградтағы тығыз ынтымақтастыққа қалай келгендігісараланады. Ахмет-Зәки Уәлидидің жеке басымен байланысты бұл эпизод мақалаавторларына ХХ ғасырдың әртүрлі кезеңдеріндегі қазақ және башқұрт зиялы қауымыарасындағы күнделікті интеллектуалдық және ғылыми байланыстар мәселесін қарастыруғамүмкіндік берді. ХIХ ғасырдың екінші жартысында ерекше қарқын алған қазақ-башқұртөзара әрекеттесуі ХХ ғасырдың бірінші ширегінде тұрақты сипатқа ие болды. ӘлиханБөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, ЖиенғалиТлепбергенов және Бекмұхамбет Серкебаев сияқты қазақ зиялы элитасының көрнектіөкілдерінің есімдері башқұрт қоғамдық-саяси қозғалысымен тығыз байланысты болды.Бірнеше онжылдықтардан кейін, Бораганскийдің тұлғасын зерттей отырып, Қ. Мұхамедхановта осы құбылысқа қатысты мәселелерге ерекше назар аудару керектігін түсінді.Қорытындылай келе, Қ. Мұхамедхановтың көпжылдық текстологиялық зерттеулеріарқасында І. Бораганскийдің есімі ғылыми айналымға қайта енді. Оның ХХ ғасыр басындағытүркі зиялыларының өзара қарым-қатынасындағы дәнекерлік қызметі мен тарихи маңызыайқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 13, № 2, С. 342-353
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3994 · 3135-8055
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology