ЕР ЖӘНІБЕККЕ ҚАТЫСТЫ ҚОЛЖАЗБА МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТІК КӨРІНІСТЕР
Кіріспе. Ер Жәнібек батыр Абылай хан дәуірінде жасаған әйгілі батырлардың бірі. Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов Абылай ханға арналған өз еңбегінде XVIII ғасырдың қазақ тарихы үшін аса бір ауыр кезең болғандығын ашып айтады. Сондай-ақ аталған заманда болған тарихи оқиғалардың халық есінен көтеріле қоймағынын да тілге тиек еткен. Сондай халық есінде сақталған дүниелер араға уақыт салып хатқа түсе бастаған. Сол жазбалардың ішінде Ер Жәнібекке қатысты үлгілері де көптеп кездеседі. Аталған тарихи қолжазба ұлттық жадының тасымалдаушысы ретінде ұлттың өткен тарих қойнауларында қалған болымысын кейінгі ұрпаққа жеткізуде ерекше қызмет атқарады. Осы тұрғыдан алғанда ол өткеннің көпқабатты үдерістерін бейнелейтін құнды мұра ретінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Ер Жәнібек батырға қатысты қолжазба түрінде сақталған фольклорлық сипатты материялдардың деректік құндылығын көрсету. Зерттеудің өзектілігі – халқымыздың фольклорлық сипаттағы жазба мұраларының тарихи-мәдени және деректік құндылығын анықтау, олардың тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толықтырудағы мүмкіндіктерін қарастыру, осы тектес жазбалардың архивтік құжаттар мен тарихи шығармалар мазмұнында сақталған мәліметтерді зерттеудегі орасан зор көмегін көрсетіп беру. Материалдар мен әдістер. Бұл мақалада XVIII ғасырда жасаған тарихи тұлғалардың бірі болған – Ер Жәнібек Бердәулетұлы туралы Ғылыми кітапхананың сирек қолжазба қорында сақталған нұсқаларының қалыптасуы мен сақталуы анықталды, олардың Қазақстан мен көршілес елдерде сақталған басқа нұсқалары анықталды, сондай-ақ оларға мәтінтанулық тұрғыдан талдау жасалады. Нәтижелері. Ер Жәнібек батыр туралы жазба мұраның нақты мазмұндарын талқылау арқылы, оны тарихи дерек ретінде ғылыми айналымға енгізу мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл тәсіл халық жадында сақталған тарихи оқиғалардың әр дәуірде хатқа түскен жазба нұсқаларын жүйелі зерттеудің тиімді жолдарын қарастырады. Сондай-ақ халқымыздың қолжазба мұрасын тарихи дерек ретінде пайдаланудың Отан тарихын зерттеудегі маңызын ашып көрсетеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 13, № 2, С. 329-341
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3994 · 3135-8055
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology