Central AsianResearch Index

ӘБІЛПЕЙІЗ СҰЛТАННЫҢ ХАТТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ЦИН ҚАТЫНАСТАРЫ

Кіріспе. Мақалада XVIII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-цин қатынастары Әбілпейіз сұлтанның Цин империясы императоры мен ұлықтарына жолдаған дипломатиялық құжаттары негізінде қарастырылады. Мақсаты мен міндеттері. Әбілпейіз сұлтанның дипломатиялық құжаттары арқылы қазақ-цин қарым-қатынастарының жаңа қырларын ашу және олардың тарихи маңызын айқындау көзделеді. Осы мақсатқа жету үшін осыған дейін жарияланған қазақша құжаттардың мазмұнын талдау негізінде ондағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері анықталып, сондай-ақ Қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынас жүйесі айқындалады. Материалдар мен әдістер. Зерттеудің деректік негізін Қытай бірінші тарихи архиві қорларында сақталған және осыған дейін жарияланған қазақша құжаттар құрайды, ал зерттеу барысында тарихи-деректанулық талдау, салыстырмалы және тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Қорытынды. Мақалада Әбілпейіз сұлтанның дипломатиялық құжаттарының мазмұны арқылы ондағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың сипаты басқа деректермен салыстырыла талданып, құжаттардағы Қазақ хандығы мен көрші аймақтар арасындағы қатынастар, шекаралық қақтығыстар, сауда-саттық, жер мәселелері және рухани байланыстарға қатысты маңызды мәліметтер қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде Қазақ хандығы мен Цин империясы арасындағы қатынастардың көпқырлы сипаты мен аймақтық дипломатиядағы ерекшеліктері айқындалып, дипломатиялық құжаттардың XVIII ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақ хандығының орнын анықтаудағы маңызы көрсетіледі.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 2, С. 315-328
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology