Central AsianResearch Index

МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ

Мақалада мұғалімнің оқушылармен және ата-аналардың қарым-қатынасының жасөспірімдердің оқу үлгеріміне ықпалы қарастырылған. Осы тақырып бойынша отандық және шетелдік дереккөздерге шолу жүргізілді. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аударылып, олардың тиімді әрекеттестігіне келтіретін кедергілер мен қиындықтарға тап болған оқушыларға олардың үлгеріміне отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынастың әсері және олардың мектептегі үлгеріміне ықпал ету тәсілі ретінде маңыздылығы талданған. Мұғалімнің оқушыларға қатынасының сипаттамаларын және ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасын анықтау үшін А.Я.Варга және В.В.Столиннің ата-аналық қарым-қатынас тест-сауалнамасы (QPA) қолданылды.Эмпирикалық зерттеу Көкшетау қаласының төрт жалпы білім беретін мектептерінде өткізілген No16, No13, No10 және No19 және осы мектептердің 56 мұғалімдері, 86 ата-аналар қатысты. Нәтижесінде мұғалімдер үлгерімі төмен оқушыларға деген көзқарасы ата-аналардың көзқарасынан айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетті, сонымен қатар, оқу үлгерімі төмен жасөспірімдерге қарым-қатынасы мен олардың оқу нәтижелерінің динамикасы арасындағы байланыс эксперименттік түрде расталды, және де ата-аналар үшін жасөспірімдердің дамуына мұғалімнің рөлінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Дегенмен, оқу үлгерімі үшін ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсінуге, оқуда қиындықтары бар жасөспірімдерді оқытуда жеке көзқарас мәселелері бойынша мұғалімдердің дайындығын жетілдіру қажеттілігін көрсеті.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 87, № 3
Язык
Казахский
ISSN
1728-5496 · 2959-5754 · 2959-5762
Издатель
Abai Kazakh National Pedagogical University
Аффилиации
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ, Көкшетау қ.,Қазақстан