ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ МЕТАҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мақалада педагог-психологтардың кәсіби дайындығында цифрлық технологияларды қолдану арқылы метақұзы-реттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылады. Мета-құзыреттер жоғары тұжырымдамалық деңгейді білдіреді және жан-жақты кәсіби құзыреттер ретінде қарастырылады. Зерттеу мақсаты: педагог-психолог үшін метақұзыреттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығын теориялық талдау және цифрлық технологияларды қолдану арқылы педагог-психологтардың кәсіби метақұзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық жағдайларын әзірлеуді эксперименттік зерттеу.Зерттеу әдістері: тестілеу, сауалнама, бақылау. Әдістемелер: сыни тұрғыдан ойлау тесті; өзін-өзі реттеу шкаласы; Карпов рефлексиясын анықтау шкаласы; DigCompEdu тесті (цифрлық құзыреттілікті анықтауға); SWOT-талдау (құзыреттілікті интеграциялау); оқыту аналитикасы (белсенділік динамикасы).Зерттеу нәтижелері: жалпы метақұзыреттіліктер мен цифрлық құзыреттілікке теориялық талдау жүргізілді. Болашақ педагог-психологтың метақұзыреттіліктерді кәсіби қызметінде қалай пайдалана алатыны анықталды. Болашақ педагог-психологтардың цифрлық тұтынудың қалыптасу деңгейлері эксперименталды түрде анықталды. Метақұзыреттіліктің келесі компоненттері анықталды: когнитивті; реттеуші, коммуникативті, цифрлық және интегративті. Ғылыми-практикалық маңыздылығы: болашақ педагог-психологтарда метақұзыреттіліктерді дамыту құралы ретінде цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі расталды.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 87, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1728-5496 · 2959-5754 · 2959-5762
- Издатель
- Abai Kazakh National Pedagogical University
- Аффилиации
- М.Әуезов атындағыОңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент қ., Қазақстан
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті,Шымкент қ., Қазақстан
Ж.А.Ташенов атындағы университет, Шымкент қ., Қазақстан