Central AsianResearch Index

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН БАҒАЛАУ

Мақалада қазіргі қоғам жағдайында мүмкіндігі шектеулі жастарды кәсіби бағдарлау мен бейін алдындағы даярлаудың негізгі аспектілері қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еңбек және әлеуметтік өмір нарығына кіріктірудің қажеттілігінің артуына байланысты, арнайы білім беру мекеме-лерінен арнайы тәсілдер мен бағдарламаларды әзірлеуді талап етеді. Осы білім алушылардың мамандық таңдауға дайындығын бағалаудың қолданыстағы тәсілдері талданады, олардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен қалауларын анықтау үшін қолдануға болатын әдістемелік құралдар мен әдістер қарастырылады. Авторлар әр оқушыға оның қабілеттерін, қызығушылықтары мен шектеулерін ескеретін жеке көзқарастың маңыздылығын атап көрсетеді. Сондай-ақ, мақалада мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында жүргізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері көрсетілген. Авторлар білім алушылардың болашақ мамандықты таңдауға дайындығын бағалауға кешенді көзқарастың маңыздылығын және барлығына тең мүмкіндіктер жасау үшін кәсіби бағдарлауда инновациялық әдістерді енгізу қажеттілігін атап көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 86, № 2
Язык
Казахский
ISSN
1728-5496 · 2959-5754 · 2959-5762
Издатель
Abai Kazakh National Pedagogical University
Аффилиации
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан