Central AsianResearch Index

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ РОЛІ

Мақалада студенттер арасындағы білім беру және кәсіби үдеріске әлеуметтік желілердің үлесін бағалауға бағытталған зерттеудің негізгі аспектілерінің қысқаша мазмұны берілген. Мақалада профильді толтыру және тартымдылық, мазмұнды құру белсенділігі, аудиторияның қатысуы, мазмұн сапасы мен тақырыбы, талқылауларға қатысу, кері байланысқа жауап беру, кәсіби имиджді құру, желілік байланыс, этикалық мінез-құлық және өнімділік талдауы сияқты әлеуметтік желідегі студенттердің белсенділігін бағалаудың әртүрлі критерийлері қарастырылады. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі әлеуметтік желілерді зерттеуге қатысты ғылыми мақалаларға әдебиеттік шолу жасалды. Жиналған деректер негізінде авторлар студенттердің қарым-қатынас,ақпарат алмасу және кәсіби даму үшін әлеуметтік желілерді қалай пайдаланатынын талдайды. Зерттеу нәтижелері білім беру мақсатында әлеуметтік желілерді пайдалануға стратегиялық көзқарастың маңыздылығын көрсетеді және білім беру ұйымдарына осы процесті оңтайландыру бойынша практикалық ұсыныстарды ұсынады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 86, № 2
Язык
Казахский
ISSN
1728-5496 · 2959-5754 · 2959-5762
Издатель
Abai Kazakh National Pedagogical University
Аффилиации
Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық yниверситеті, Aлмaты қ., Қaзaқстaн
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Aлмaты қ., Қaзaқстaн
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Aлмaты қ., Қaзaқстaн