Central AsianResearch Index

ӘЛЕУМЕТТІКЕРІКТІЛІК ҚЫЗМЕТТЕР –БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ТОЛЕРАНТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

Мақалада болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасының функционалдық сипаттамаларын беруде толерантты қарым-қатынастың мәні, маңызды қасиеттері, оның жиынтығы және өзегі талданады. Әлеуметтік еріктілік қызметтер болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру құралы ретінде болашақ мамандардың жасампаз, өмірлік және кәсіби құндылықтары мен рухани-адамгершілік қасиеттеріне, адамгершілікке, ашықтыққа, төзімділікке негізделген әр түрлі қызмет түрлерінде білім беру процесіне қатысушылармен өзара әрекеттесу жиынтығы мен біртұтас білім түсінігінде сипатталады. Әлемдік зерттеулеге сүйене отырып, еріктіліктің үш түрі еріктілер-менеджерлер, еріктілердің көмекшілері, еріктілер -тікелей көмек ретінде баяндалады. Болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасы –бұл білім беру үдерісінің субъектілерінің өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін шығармашылық (өмірлік және кәсіби құндылықтар мен болашақ мамандардың рухани-адамгершілік қасиеттеріне, адамгершілікке, ашықтыққа, төзімділікке негізделген әр түрлі қызмет түрлерінде білім беру үдерісіне қатысушылармен өзара әрекеттесу траекториясы» деп нақтыланады. Болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасын қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері баяндалады.Эмпирикалық бөлімдегі диагностикалау жұмыстары бойынша 119 респондентке үш деңгейлі сауалнама жүргізіліп, сауалнамадағы әр сұрақ деңгейлерге қарай бөлініп, 4 жауапты мазмұны беріледі. «Еріктілік қызметтер мен толерантты қарым-қатынасқа байланысты» 3 деңгейлі сауалнаманың (жауап нұсқаларымен)сандық нәтижелері көрсетіледі.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 85, № 1
Язык
Казахский
ISSN
1728-5496 · 2959-5754 · 2959-5762
Издатель
Abai Kazakh National Pedagogical University
Аффилиации
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
Азаматтық авиация академиясы, Алматы қ., Қазақстан
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан