Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Мақалада болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары қарастырылып, зерттеушілердің осы бағыттағы зерттеу жұмыстарына талдау жасалды. «Педагогикалық шарт-тар» мазмұнына берілген анықтамалар талданып, оның негізгі құрамдастары анықталды. Осы зерттеу жұмысы барысында педагогикалық шарттарды анықтаудың кешенді әдістері талқыланды. Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтердіңинклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап көрсетілді. Болашақ педагогтерді кәсіби даярлауды ішкі және сыртқы педагогикалық шарттарына сипаттама беріліп, олардың мазмұны айқындалды. Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып педагогикалық шарттардың ұйымдастырушылық-педагогикалық, мазмұнды-педагогикалық және процестік-педагогикалық түрлері қарастырылды. Педагогикалық шарттардың кешенін құру және болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыруда осыкешендерді тиімді іске асыру инклюзивті білім беруде жақсы нәтижеге қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Педагогикалық шарттардың кешенін әзірлеу барысында қазіргі қоғамның талабын, әлеуметтік сүранысын басты назарға алу қажет. Елімізде инклюзивті білім беруге қабілетті, инклюзивті құзыреттілігі қалыптасқан педагогтерді даярлау қажеттілігі жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Сонымен қатар білім беру мазмұнына жаңартылған әдіс-тәсілдер мен әдістемелерді енгізу қажеттілігін тудырады. Болашақ педагогтердің инклюзиві құзыреттілігін қалыптастыру осы бағыттағы педагогикалық шарттар тиімді жүзеге асқан жағдайда ғанамүмкін болады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 84, № 4
Язык
Казахский
ISSN
1728-5496 · 2959-5754 · 2959-5762
Издатель
Abai Kazakh National Pedagogical University
Аффилиации
«Alikhan Bokeikhan University» ББМ, Семей қ., Қазақстан