Central AsianResearch Index

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУ

Мақалада білім берудегі геймификация оқыту теориясы, әдісі туралы талдаулар беріледі. Геймификация әдісін бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін меңгертуде цифрлық білім жағдайында қолданудың пост-талдаулары, яғни Wikiэнциклопедиясы, Scopus, Web Of Science халықаралық зерттеулерге талдаулар ұсынылады. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін меңгертуді геймификациялаудың актілері: junior –ағылшын тілін меңгеруге үйренуге талапкер, middle –ағылшын тілін үйренуші, senior –ағылшын тілін үйретуші, lead –геймификацияның элементтерін ағылшын тілін меңгертуде ұйымдастырушыстатустарының мәні сипатталады. Күнделікті сабақта қолданылатын әдістер топтамасының геймификацияға байланысы көрсетіледі. Геймификацияның білім алушылардыңмотивациясынбасқаратынбірнешеқажетті-ліктері айтылады. Олар:білімді сезіну, табысқа жету, шығармашылықты дамыту, бақылау, қоғамдық ықпал, шыдамсыздықты жою, қызығушылық, шығынға ұшырамау секілді қажеттіліктер болады. Ойын сценарийін құрудағы геймификацияның элементтері: мақсат,ережелер,міндеттер,рөлдік функциялар, механика,мара-паттар (виртуалды)болып табылады, әр элемент жеке талдаулармен беріледі. Әлемдік зерттеулер бойынша геймификацияның құрамдас бөліктері графикаланады. Геймификацияны тиімді жүзеге асыруда бастауыш сыныптарда ағылшын тілін меңгертуге арналған цифрлық білім ресурстарының мазмұны сипатталады. Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін меңгертудегі Wordwall, Quizizz, Кahoot,Flippity цифрлық платформалары қарастырылады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 83, № 3
Язык
Казахский
ISSN
1728-5496 · 2959-5754 · 2959-5762
Издатель
Abai Kazakh National Pedagogical University
Аффилиации
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан
SDU UNIVERSITY,Қаскелен қ., Қазақстан