Central AsianResearch Index

Psychological and pedagogical foundations of the development of research activity of university teachers based on action research

Мақалада Action Research (іс-әрекеттегі зерттеу) сынды зерттеу ұйымдарының бейресми нысандарын кәсіби практикаға интеграциялау негізінде жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас ғалымдары және докторанттардың зерттеу белсенділігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері қарастырылады. Ғылыми зерттеудің мақсаты-Action Research (әрекеттегі зерттеу) ретінде зерттеудің бейресми нысандарын жүйелі интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған Action Research – алға қойылған мақсатқа жетудің тиімді тетігі, жас ғалымдар мен докторанттарға зерттеу жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу – ғылым саласында тұрақты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Мұғалімдердің жеке және кәсіби дамуының шешуші факторы ретінде зерттеу белсенділігін арттырудың маңыздылығын негіздейтін белсенділік теориясына, қызмет теориясына, мотивация теориясына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, мақалада жоо-ның оқытушыларына, жас ғалымдарға және докторанттарға арналған Action Research (Іс-әрекеттегі зерттеу) бойынша әдістемелік нұсқаулар берілген.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 74, № 1
Язык
Английский