Central AsianResearch Index

INFORMATION SECURITY RISK ASSESSMENT USING A FUZZY FIS MODEL

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАҒАЛАУДА АЙҚЫН ЕМЕС FIS-МОДЕЛІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ

Бұл мақалада ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау міндетін шешу үшін айқын емес логикаға негізделген модельді қолданудың ғылыми және практикалық аспектілері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ақпараттық жүйелерде пайда болатын белгісіздік пен толық емес деректер жағдайында тәуекелді дәл бағалау қажеттілігімен анықталады. Жұмыстың мақсаты –Мамдани әдісі негізінде құрылатын айқын емес логикалық модельді әзірлеу және оның дәстүрлі бағалау тәсілдеріне қарағанда тиімділігін көрсету. Зерттеу барысында аналитикалық шолу, моделдеу, фаззификация, ережелер базасын құру және эксперименттік тексеру әдістері қолданылды. Алынған нәтижелер ұсынылған модельдің тәуекел деңгейін дәлірек анықтайтынын, белгісіздікке бейім екенін және практикалық қолдануға қолайлы екенін көрсетті. Ғылыми жаңалығы айқын емес логикалық ережелерге негізделген тәуекелді интегралды бағалау моделінің әзірленуімен сипатталады. Модельді корпоративтік және білім беру жүйелерінде қолдану оның басқарушылық шешімдерді қолдауда тиімді құрал бола алатынын дәлелдейді.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 1, № 3, С. 59-73
Язык
Английский
ISSN
1561-4212 · 2789-8210 · 3134-8009 · 3134-8017
Издатель
D. Serikbayev East Kazakhstan Technical University
Аффилиации
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматық., Қазақстан; Нархоз Университеті, Алматық., Қазақстан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматық., Қазақстан