Central AsianResearch Index

GEOTECHNICAL CHARACTERIZATION OF TYPE I COLLAPSIBLE SOILS FOR FOUNDATION DESIGN IN LOESS REGIONS

ШӨГІНДІ ТОПЫРАҚТАРДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСҚА ЫҚПАЛЫ

Осы зерттеуде Солтүстік Қазақстанның құрылыс алаңында инженерлік-геологиялық ізденістер кезінде анықталған шөгінді топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттерін зертханалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Негізгі назар I түрдегі шөгетін қасиеттері бар құмайтқа (ИГЭ-1) аударылды. Зертқаналық зерттеулер қолданыстағы нормативтік құжаттарға (МемСТ 23161, МемСТ 12248, МемСТ 20522 және т.б.) сәйкес жүргізілді. Топырақтың тығыздығы, ылғалдылығы, кеуектілігі, ағымдық және илемдік шектер, сығылғыштық коэффициенттері мен деформация модульдері анықталған 50 үлгі зерттелді. Табиғи ылғалдылық кезіндегі орташа тығыздық 1,76 г/см³, ал кеуектілік коэффициенті – 0,61. Құмайттардың консистенциясы қатты, ағымдылық көрсеткіші орта есеппен − 1,65. Деформация модулі шамамен 22,5 МПа. Вертикалды жүктеме 0,10 МПа-дан асқанда көпшілік үлгілердің салыстырмалы шөгуі εsl ≥ 0,01 болғаны анықталды, бұл олардың шөгетін топырақтарға жататындығын көрсетеді. Бастапқы шөгу қысымы шамамен 0,1 МПа деп бағаланды. Алынған нәтижелер шөгу қасиеттерді іргетас жобалауда міндетті түрде ескеру қажеттігін көрсетеді. Топырақ негізін тұрақтандыру үшін дренаж, нығыздау және қадалық іргетастарды қолдану ұсыны- лады. Зерттеу нәтижелері шөгетін топырақтар таралған аймақтарда жобалық шешімдерді оңтайландыру үшін қолданылуы мүмкін.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 110, № 4, С. 309-320
Язык
Английский
ISSN
1561-4212 · 2789-8210 · 3134-8009 · 3134-8017
Издатель
D. Serikbayev East Kazakhstan Technical University
Аффилиации
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Шәкәрім Университеті,