Central AsianResearch Index

MODELING THE AUDIENCE ACTIVITY OF KAZAKH-LANGUAGE YOUTUBE CHANNELS USING ARTIFICIAL INTELLIGENCE

ҚАЗАҚТІЛДІ YOUTUBE АРНАЛАРЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ МОДЕЛЬДЕУ

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында YouTube платформасы бейнеконтентті жасау мен таратудағы негізгі құралдардың біріне айналды, бүгінде оның белсенді пайдаланушыларының саны екі миллиардтан асты. Қазақтілді YouTube сегменті бейнематериалдардың танымалдылығы мен қаралымына әсер ететін факторларды ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет ететін ерекше және әлі де жеткілікті зерттелмеген бағыт болып табылады. Цифрлық кеңістікте қазақ тілі мен мәдениетіне деген қызығушылықтың артуы пайдаланушылар санының көбеюімен, технологиялардың дамуымен, мәдени сәйкестіктің нығаюымен және жастардың әлеуметтік желілердегі белсенділігімен байланысты. Бұл мақалада аудиторияның қызығушылық механизмдерін және контенттің табыстылық факторларын талдау мен түсіну бейнежасаушылар, маркетологтар, цифрлық мәдениетті зерттеушілер мен ұсынымдық жүйе әзірлеушілер үшін практикалық маңызға ие. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің медиакеңістікте дамуына және тиімді цифрлық коммуникация стратегияларын қалыптастыруға үлес қосады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 110, № 4, С. 247-258
Язык
Английский
ISSN
1561-4212 · 2789-8210 · 3134-8009 · 3134-8017
Издатель
D. Serikbayev East Kazakhstan Technical University
Аффилиации
Astana International University
Н.М. Фёдоровский атындағы Заполяр мемлекеттік университеті
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті