BLOCKCHAIN-BASED CONTAINER SCHEDULING
Бұл мақалада есептеу ресурстарын үлестіру процесінің ашықтығын, сенімділігін және автоматтандырылуын арттыру мақсатында блокчейн технологиясын пайдалана отырып, таратылған контей- нерлік кластерлердегі тапсырмаларды жоспарлаудың инновация- лық әдісі ұсынылады. Жүйе архитектурасы блокчейн желісінен, смарт-келісімшарттардан және контейнер оркестраторынан (мысалы, Kubernetes) тұрады, мұнда смарт-келісімшарттар жоспарлаушы ретінде әрекет етіп, шешімдерді блокчейнде тіркелген деректерге — тапсырма басымдылығы, ресурстық шектеулер мен орындалу тарихына сүйене отырып қабылдайды. Алгоритмдік негіз ретінде таратылған ортаға бейімделген және Solidity тілінде жүзеге асырылған модификацияланған басымдықты жоспарлау алгоритмі (Modified Priority Scheduling) пайдаланылды. Модельдеу арқылы алынған тәжірибелік нәтижелер ұсынылады, онда өнімділіктің негізгі метрикалары — кідіріс уақыты, тапсырманың орындалу уақыты және смарт-келісімшартты орындау шығындары — талданады. Алынған нәтижелер бұл әдістің қауіпсіздікке, қайталануға және тапсырмаларды автоматты басқаруға жоғары талаптар қойылатын жүйелерде — мысалы, білім беру платформаларында, децентрализденген есептеулерде және интеллектуалды таратылған жүйелерде — тиімді қолдануға болатынын көрсетеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 110, № 4, С. 212-222
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1561-4212 · 2789-8210 · 3134-8009 · 3134-8017
- Издатель
- D. Serikbayev East Kazakhstan Technical University
- Аффилиации
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті