Central AsianResearch Index

A NEW APPROACH TO TRAINING STUDENTS OF TECHNICAL UNIVERSITIES AS A GUARANTEE OF COMPLIANCE WITH INTERNATIONAL REQUIREMENTS FOR CERTIFICATION OF ENGINEERING STAFF

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ИНЖЕНЕРЛІК КАДРЛАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІКТІҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ

Инженерлік кадрларды сертификаттау инженерлік қызметтің сапасын қамтамасыз етудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Мақалада инженерлердің халықаралық сертификаттау критерийлеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім беру процесін жүзеге асыру тәсілі ұсынылады. Бұл тәсіл CDIO халықаралық бастамасының қағидаттарына сәйкес инженерлік құзыреттерді ғана емес, басқа да дағдыларды дамытудан тұратын «Инженерлік білімге кіріспе» пәнін оқыту форматын өзгертуден тұрады. Ұсынылған тәсілді техникалық жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау үшін білім беру бағдарламаларына енгізу үшін қолдануға болады. Талаптарды стандарттауға, тәуелсіз бағалау тетігін қамтамасыз етуге, еңбек нарығында аттестатталатын тұлғалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтынушылар үшін жұмыстар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беруге мүмкіндік беретін инженерлік кадрларды сертификаттау қажеттілік болып табылады. Авторлар осы бағыттағы озық елдердің тәжірибесін қарастырды. Қазақстанда персоналды сертификаттау саласындағы үздік тәжірибені енгізу ұсынылды. Мақала авторлары инженерлік бейіндегі мамандардың халықаралық талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтайтын арнайы критерийлерді тұжырымдады. Инженерлік кадрлардың осы талаптарға сәйкестігі техникалық жоғары оқу орындарында оқыту кезеңінде қаланатын оқыту әдістемесін енгізу ұсынылады. Күрделілік терминология мәселелерін жетілдіруге, біліктілік деңгейін нақтылауға, функционалдық міндеттер тізімін жасауға, бірқатар лауазымдарды анықтауға, мансаптық өсу мәселелеріне әкеледі CDIO стандарттарын енгізу үшін жалпы кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажет: оқыту мерзімдері мен шарттары бойынша вариативтілік, пәндердің мазмұнын қайта қарау, сабақтас салалармен өзара байланыс орнату, оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу, проблемалық талдау процесіне шешімдерді әзірлеу алгоритмдерін, зерттеу әдістерін, инженерлік этиканы енгізу, жеке және командалық жұмыс тәсілдерін, коммуникация, жобалық менеджмент әдістерін игеру.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 107, № 1, С. 71-82
Язык
Английский
ISSN
1561-4212 · 2789-8210 · 3134-8009 · 3134-8017
Издатель
D. Serikbayev East Kazakhstan Technical University