THE EFFECT OF A COMPLEX MODIFIED ADDITIVE ON THE QUALITY OF THE PRODUCTION OF FOAM CONCRETE PRODUCTS
Құрылыс саласының қарқынды дамуы және құрылыс материалдарының жаңа түрлеріне үлкен сұранысты ескере отырып, мақалада авторлар бетонның құрылымына жағымды әсер ететін пластификаторлық әсері бар кешенді модификацияланған қоспаны ұсынды. Мақалада әртүрлі пайыздық мөлшердегі кешенді модификацияланған қоспаның цемент қамырының ұстасу мерзіміне әсерін анықтау үшін жасалған зертханалық тәжірибе нәтижелері көрсетілген. Сондайқ-ақ жұмыста цемент қамырының ұстасу мерзімін анықтау әдістемесі, әртүрлі пайыздық көлемдегі кешенді модификацияланған қоспаны дайындау технологиясы баяндалған. Бұл мақалада жоспарланған құрамды қоспа алу үшін этил спирт өндірісінің қалдығы (спирттік кейінгі барда), қатуды тездеткіш (гипс) және сілті (каустикалық сода) қолданылды. Тәжірибе нәтижесінде натрий қосылысы спирттік кейінгі барданы бейтараптандырып, гипспен әрекеттескенде цемент қамырының физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер етіп, синергетикалық эффект тудыратындығы анықталды. Қоспаның пластификаторлық әрекеті арқасында ұстасу мерзімінің басы мен соңы арасындағы аралық қысқарып, бұйым жасау процесінің қарқындылығы күшейді. Кешенді модификацияланған қоспа цемент қамырының беріктігі мен төзімділігі жоғарылады. Модификацияланған қоспаны қосқанда ұстасудың басталуы 1 сағат 29 минуттан 30 минутқа дейін және ұстасудың соңы 4 сағат 55 минуттан 2 сағат 15 минутқа дейін азайып, ең жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, бақылаумен салыстырғанда қоспалары бар сынамалардағы судың мөлшері 35 %-ға азайған.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 2, № 2, С. 5-15
- Язык
- Английский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1561-4212 · 2789-8210 · 3134-8009 · 3134-8017
- Издатель
- D. Serikbayev East Kazakhstan Technical University