ANALYSIS AND PREDICTION OF STUDENTS' PERFORMANCE BASED ON THE MACHINE LEARNING METHOD
Қазіргі таңда әрбір салада деректер жиынын талдау мен машиналық оқыту әдіс-терін қолдану өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі, жыл сайын жинақталып отырған деректер жиынын талдау ғылыми зерттеу салаларында жаңа білімдерді, заңдылықтарды анық-тауға көп көлемде әсерін тигізіп отыр. Сол сияқты, білім беру саласында да, деректер жиынын талдау мен машиналық оқыту әдістері кең мүмкіндіктерді және шешімдерді ұсынады, атап айтсақ, ол білім алушылардың оқу үлгерімдерін болжау. Білім алушылардың оқу үлгерімдерін бол-жауда деректер жиынындағы әртүрлі атрибуттар бұрыннан белгілі және белгісіз байланыстарды анықтап беруде. Ол өз кезегінде, білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру мен білім сапасын жақсарту мәселелерін де шешуге көп үлес тигізеді. Қарастырылып отырған мақалада, білім алушылардың оқу үлгерімін болжау үшін деректер жиыны талданып, машиналық оқыту алгоритмі, яғни сызықтық регрессия әдісі қолданылған. Деректерді жиынын талдау екі кезеңде жүзеге асырылған, бірінші кезеңде деректер жиынына статистикалық талдау жүргізіліп, екінші кезеңде сызықтық регрессия үлгісі құрылған. Білім алушылардың оқу үлгерімін болжауда сызықтық регрессия алгоритмі негізінде релевантты атрибуттар анықталды. Олар, оқушылардың тоқсан бойынша бағалары G1-G3, білім алушылардың ата-анасының білімі жайлы мәліметтер және білім алушының қаншалықты сабаққа қатысуы, яғни сабақты босату туралы деректері. Сызықтық регрессияны қолдану негізінде алынған үлгіні бағалау 90 % жоғары нәтижені көрсетті.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 2, № 2, С. 187-197
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1561-4212 · 2789-8210 · 3134-8009 · 3134-8017
- Издатель
- D. Serikbayev East Kazakhstan Technical University