ASSESSMENT STUDY USING AN ARTIFICIAL SATELLITE OF THE EARTH, WHICH IS USED IN THE DETERMINATION OF GRAIN CROPS IN AGRICULTURE BY REMOTE SENSING OF THE EARTH
Қазіргі уақытта ғарыштық мониторинг ақпараттық әлемде үлкен қарқын алуда, соңғы 70 жылда кеңістіктік ажыратымдылығы өте жоғары түсірілім құрылғылары орнатылған ғарыш аппараттары пайда болды. Бұл дамушы сала – Жерді қашықтықтан зондтау деп аталады. ЖҚЗ өзектілігі ретінде белгілі бір елді мекендерде жерді дұрыс пайдаланумен байланысты проблемаларды шешеді, яғни мемлекеттік, сондай-ақ экономикалық салада жұмысты жеңілдетеді. Қазақстанда ғарыш қызметі соңғы онжылдықтарда ғарыш аппараттарын жобалау тұрғысынан жақсы дами бастады. Ауыл шаруашылығы өндірісі Қазақстандағы мониторинг қазіргі дамудың басты бағыты болып келеді. Фермерлік шаруашылықты өзектендіру және жерді пайдалануды жүйелеу – агроөнеркәсіптің негізгі өзегі болып табылады. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік өндіріске үздіксіз бақылау және жерді дұрыс пайдалануды қадағалау қажет. Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде ірі дәнді дақылдар мен мал шаруашылығы кешені сияқты шаруашылықтар неғұрлым қолайлы болып табылады, ал елдің оңтүстік бөлігіне шағын және орташа шаруашылықтар тән. Зерттеу нысандары Солтүстік Қазақстанның аудандары (Тереңкөл және Павлодар) болып табылады. Зерттеудің мақсаты – ГАЖ бағдарламасын қолдана отырып, Павлодар облысының белгілі бір аймағына өсімдік жамылғысының вегетациясына талдау жасау, осы аймақтағы пайдалануға берілген ауылшаруашылық жерлеріне баға беру, сондай-ақ өсімдіктердің даму динамикасын бағалау және 2019 жылдан 2021 жылдар аралығындағы жер жағдайының өзгеруін анықтау.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 2, С. 74-87
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1561-4212 · 2789-8210 · 3134-8009 · 3134-8017
- Издатель
- D. Serikbayev East Kazakhstan Technical University