Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ

ANALYSIS OF THE STATE OF THE FOOD INDUSTRY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

Тамақ өнеркəсібі кез келген елдің экономикасы үшін өте маңызды сала болып табылады, өйткені тамақ өнімдерін өндіру халықтың шұғыл жəне бірінші кезекті қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты. Өзнің құрамына 40-тан астам мамандандырылған салалар, кіші салалар мен жекелеген өндірістерді біріктіретін тамақ өнеркəсібі – ұлттық экономиканың маңызды қоғамдық салалардың бірі болып табылады. Қазақстандық азық-түлік нарығын зерттеудің өзектілігі оны талдау кезінде алынуы мүмкін нəтижелермен расталады. Статистикалық деректерді өңдеу жəне оларды жүйелеу графиктер мен кестелер түрінде ұсынылған. Негізгі көрсеткіштер қазіргі заманғы азық-түлік өнімдері нарығының импортқа тəуелділігін айқындайды, бұл шикізаттық бағыттағы импорттық өнімдердің ұлғаюына байланысты болған. Экспортқа тауарлардың аз түрлері жіберіледі, негізінен ет жəне балық өнеркəсібінің өнімдері. Қазақстан аумағында тамақ өнеркəсібі кəсіпорындарының бір бөлігі негізінен тұтыну қағидаты бойынша орналасқан, екінші бөлігі шикізат базасымен тығыз байланысты шоғырландырылған.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 80, № 1, С. 193-200
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
1563-2415
Издатель
Almaty Academy of Economy and Statistic