Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАНТ ЖӘНЕ ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ НАРЫҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

WAYS TO IMPROVE THE ECONOMIC EFFICIENCY AND ECONOMIC RELATIONS OF THE SUGAR AND SUGAR BEET MARKET IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

Экономиканың ең маңызды саласының бірі – бұл ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл шаруашылығы, сонымен қатар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Нарықтық экономикада тəжiрибе көрсеткендей, үдемелі өндiрiстiк шешiмге жету үшін қант қызылшасы өндiрiсiн экономикалық тұрғыдан тиімді дамыту үшін сансыз мəселелер туындатады. Енді Қазақстандағы қант қызылшасы өнеркəсібінде күрделі өзгерістер болды. Осы заманғы аграрлық қарым-қатынастағы елдердің даму барысына талдау жасау Қазақстанның агроөнеркəсіп кешенінің ары қарай дамуы мемлекеттік қолдаудың тиімділігі жəне қант зауыты төңірегіне топтасқан кооперативтік бірлестіктерді құру арқылы инновацияны енгізуге тең дəрежеде ыңғайлы жағдай жасай отырып, бəсекеге қабілеттілікті арттыруға жұмылдырылуы керек екендігін көрсетеді. Қант қызылшасымен айналысатын кəсiпорындарда жұмыстың орнықтылығын жоғарылату, инновациялар мен ғылыми-техникалық iлгерiлеудiң жетiстiктерiн енгiзу жəне тиімді жоспарлау мен басқару үшін, дұрыс баға белгiлеу, қант нарығын шет мемлекеттерден қорғау, жаңа тетiктерiн əзiрлеу жəне басқада көптеген мəселелердi қарастыруды талап етеді. Бұл мақалада Қазақстан Республикасында қант қызылшасы өндірісі мен ауыл шаруашылық байланыстардың интеграциялануы жəне өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми-инновациялық жүйенің тиімділіктері қарастырылған.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 80, № 1, С. 165-170
Язык
Казахский
ISSN
1563-2415
Издатель
Almaty Academy of Economy and Statistic