Central AsianResearch Index

КЕН БАЙЫТУ САЛАСЫНДА ӨНДІРІСТІК ҮРДІСТЕРДЕГІ КӘСІБИ ҚАУІП МӘСЕЛЕСІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: The relevance of the problem of occupational risk in production processes in the enrichment industry

Актуальность проблемы профессионального риска в производственных процессах в обогатительной отрасли

Бұл мақалада кен байыту өндірісі саласындағы кәсіптік қауіптерді бағалау және басқару мәселелері қарастырылады. Зерттеу объектісі ретінде «Nova Zinc» ЖШС байыту фабрикасының өндірістік ортасы алынған. Кәсіптік қауіптерді анықтау мен бағалаудың құрылымдық әдістемесі ұсынылып, олардың жұмысшылар денсаулығына әсер ету деңгейі мен рұқсат етілген еңбек өтілін есептеу жолдары талданады. Өндірістік факторлардың – шу, діріл, зиянды химиялық заттар, шаң, микроклиматтың жағымсыз көрсеткіштері мен жарықтың жеткіліксіздігі – кешенді әсері зерттеледі. Зерттеу нәтижелері кәсіби қауіптерді тиімді басқару үшін өндірістік ортада экспозициялық талдауды, «доза – эффект» байланысын және қауіптің сипаттамасын интеграциялау қажеттігін дәлелдейді. Ұсынылған тәсілдер жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын оңтайландыруға, кәсіби сырқаттанушылықты азайтуға және өндірістік процестердің қауіпсіз- дігін арттыруға бағытталған This article addresses the assessment and management of occupational hazards in the mineral processing industry. The study focuses on the working environment of the enrichment plant at «Nova Zinc» LLP. A structured methodology for identifying and evaluating occupational risks is proposed, with emphasis on assessing their impact on workers’ health and calculating the permissible length of employment under harmful conditions. The research analyzes the combined effect of industrial factors such as noise, vibration, harmful chemicals, dust, unfavorable microclimate, and insufficient lighting. The findings highlight the importance of integrating exposure analysis, dose – effect relationships, and risk characterization for effective occupational risk management. The proposed approaches aim to optimize working conditions, reduce occupational morbidity, and enhance the safety of industrial processes В статье рассматриваются вопросы оценки и управления профессиональными рисками в отрасли обогащения руд. Объектом исследования выбрана производственная среда обогатительной фабрики ТОО «Nova Zinc». Предложена структурированная методика идентификации и оценки профессиональных рисков с анализом уровня их воздействия на здоровье работников и расчетом допустимого трудового стажа. Исследовано комплексное воздействие таких производственных факторов, как шум, вибрация, вредные химические вещества, пыль, неблагоприятный микроклимат и недостаточная освещенность. Полученные результаты подтверждают необходимость интеграции экспозиционного анализа, связи «доза – эффект» и характеристик риска для эффективного управления профессиональными угрозами. Предложенные подходы направлены на оптимизацию условий труда, снижение профессиональной заболеваемости и повышение безопасности производственных процессов

Сведения

Опубликовано
2025 · № 9(245), С. 74-79
Язык
Казахский
ISSN
2227-4766
Издатель
Interrin Scientific and Production Enterprise LLP
Аффилиации
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қ. Жубанов атындағы Ақтөбе Өнірлік университеті КеАҚ
«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ