Журнал серии «Филологические науки», 2025, т. 76, № 1
БІР БУЫНДЫ ТҮБІР-НЕГІЗДЕРДІҢ ЕТІСТІК-ЕСІМ ОМОНИМИЯСЫ
Астана IT Университет, Астана, Қазақстан
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ұстаз» институтыТараз, Қазақстан
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада тіл білімінің өзекті мәселелеріне жататын етістік-есім омонимиясы ағылшын тіліндегі бір буынды сөздердің негізінде қарастырылған. Әртүрлі тілдердің жүйесіндегі есім мен етістіктің арақатынасы тіл онтологиясының мәселелерімен тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми айналымнан түспей, терең әрі жан-жақты зерттеуді талап етеді. Бұл құбылыстың пайда болуы туралы зерттеулердің әр алуандығы мен пікірлердің бірізді болмауы омонимия құбылысының табиғатын күрделі деп тануға, әрі сөз түбірін тануда етістік-есім омонимиясын тарихи лингвистиканың маңызды мәселелерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Мақалада үнді-еуропа тілдерінің, атап айтқанда ағылшын тіліндегі сөздердің дамуының теориялық негіздері қарастырылып, осы бағыттағы лингвист ғалымдардың зерттеулері сараланған. Сөз түбірі сөздің қай сөз табына жататынын анықтайтын негіз болғандықтан, омонимия құбылысын бір буынды сөздердің негізінде жан-жақты зерттеуге болады. Мақалада омонимия мәселесі бір буынды түбір-негіздердің мысалдары арқылы талданып, осы сөздердің этимологиясы мен даму тарихы қарастырылған. Сонымен қатар лингвист ғалымдардың әртүрлі тілдік жүйелерді зерттеу негізінде ең алдымен есім сөздердің, одан кейін етістіктің пайда болғаны туралы көзқарастары мен тұжырымдары талданып, зерделенген. Мақалада етістік-есім омонимиясының ағылшын тілінің сөзжасамындағы тәсілдері сипатталып, үнді-еуропа тілдеріндегі омонимия құбылысын дискриптивті (сипаттамалы) және компаративистикалық (салыстырмалы) талдау негізінде бұрын-соңды қарастырылмаған осы мәселені зерттеудің өзектілігі талқыланған.
Сведения · Details
- DOI 10.48371/phils.2025.1.76.003
- Журнал · Journal Журнал серии «Филологические науки»
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0