Central Asian Research Index

Журнал серии «Филологические науки», 2024, т. 73, № 2

ИНТЕРНЕТТЕГІ ГАЗЕТ ДИСКУРСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЙБІР СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚАРАМА-ҚАРСЫЛЫҚТАР

Мамырбаева

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыФилология факультеті, 3 курс докторанты, Алматы, Қазақстан

Аннотация · Abstract

Мақалада интернеттегі газет дискурсының ерекшеліктері қарастырылып, оның қағаз тасымалдағыш газет түрінен айырмашылығы анықталған және интернет-газетдискурсындағы кейбір семантикалық қарама-қарсылықтар қарастырылған. Интернет-газет дискурсынан алынған мысалдар қарастырылған. Семантикалық қарама-қарсылықтарды интернет-газет дискурсынан қарастырып зерттеу үшін алдымен интернет желісіндегі газеттің қағаз газеттен қалай ерекшеленетіні туралы шағын зерттеу жасалып қарастырылған. Осыған байланысты жұмысымыздың мақсаты –интернет-газет дискурсының ерекшеліктерін анықтау. Мақалада зерттеудің мақсат-міндеттеріне сай келесі нәтижелер анықталды: -Интернет-газет дискурсы мен қағаз газет дискурсы арасында бірқатар ұқсастық бар: белгілі бір аудиторияға бағытталу, адресат пен адресант арасында белгілі бір қашықтықтың болуы,ережелерге бағыну, бағалау функциясының болуы, ақпарат қауіпсіздігінің болуы т.б.-Қарастырылыпотырған екі дискурс арасында бірқатар айырмашылық та бар: цензураның интернет-газет дискурсында кең тарамағандығы, адресат пен адресант арасындағы қашықтықтың әртүрлі болуы, әсер ету ауқымы мен жылдамдығы арасындағы айырмашылық, экспрессивті функцияның екі дискурста әрқилы көрініс табуы т.б.-Интернет-газет дискурсында көптеп кездесетін семантикалық қарама-қарсылықтар –оқырманға имплицитті түрде әсер ету құралы. Қағазтасымалдағыш газет және интернет газет дискурсы ара-жігін ашу үшін салыстырмалы талдау әдісі, мағыналық қарама-қарсылықтарды қарастыру барысында семантикалық талдау, прагматикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеуіміздің ғылыми жаңалығы бұл тақырыптың осы қарастырылып отырған 2012-2022 жж. уақыт аралығы, сонымен қатар семантикалық қарама-қарсылықтар БАҚ тілінде жан-жақты зерттелмеген. Талдаунәтижесіндеинтернет газет дискурсындағы семантикалық қарама-қарсылықтар сөйлеу тактикасына, белгілі бір жағдаяттан, мәдениеттен туындайтын ситуациялар аумағында жинақталып берілетіні анықталды. Зерттеудің теориялық маңызы –интернет-газет дискурсын жаңа бағыттар аясында зерделеу болса, практикалық маңызы –алынған нәтижелер тіл білімі, стилистика, лексикология сынды университеттік пәндерді оқыту барысында қолданыла алады.

Сведения · Details