Журнал серии «Филологические науки», 2025, т. 66, № 3
ТАРИХИ ІШКОРПУС ӘЗІРЛЕУДІҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Аннотация · Abstract
Ақпараттық технология дамыған заманда тілдің жазбаша формасы қағазформатында ғана өмір сүрмейді, оның электрондық нұсқасын даярлау –қазіргі заман талабы. Әлемнің көптеген тілдері жеке ұлттық корпустарын әзірлеуде. Бұндай ауқымды зерттеу жұмыстары қазақ тіл білімінде де «корпустық лингвистика» саласында орын алып келе жатыр. Бүгінгі таңда қазақ тілінің ұлттық корпусына мәтіндер базасы жинақталып, инновациялық-ақпараттық база ретінде үздіксіз жетілдіріп отыр. Ұлттық корпус ұғымы тек синхрониялық емес, сонымен қатар диахроникалық зерттеулердің құралы болып табылады. Осыған орай аталмыш мақалада қазақ тілінің ұлттық корпусының аясында «тарихи ішкорпустың» құрастыру қажеттілігіайтылады. Себебі «тарихи ішкорпус» –V-XX ғғ. қамтитын жазба мұралардың тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуде, қажетті материалды іздеуде кез келген пайдаланушыға онлайн-режімде бірден-бір пайдалы, аса қажетті тілтанымдық құрал болып есептеледі. Сондықтан атамыш мақаланың мақсаты –көне және ортағасыр дәуіріндегі жазба мұралардың мәтіндерін жинақтау, электронды форматқа көшіру және корпусқа ақпараттық және тілтанымдық белгілерімен енгізу. Қолданбалылингвистика саласында «тарихи ішкорпус» тұңғыш рет жасалғалы жатыр. Алайда түрлі графикамен жеткен қолжазбаларды цифландырудың өзіндік қиындықтарыда жоқ емес. Мақалада тарихи ішкорпусты әзірлеудің әлемдіктәжірибедегі құрылымы мен практикалық қолданысы зерттеледі. Яғни, әлем тілдерінің тарихи ішкорпусы (орыс тілінің диахрондық және неміс тілінің тарихи ішкорпусы) әзірлену барысы талданады. Өзге елдердің тәжірибелерін ескере отырып, қазақтілінің тарихи корпусын әзірлеудің негізгі атқарылатын жұмыстары нақтыланады. Әр дәуірдегі жазба ескерткіштер мәтіндер базасын анықтау, жинау; жинақталған материалдардың сапасы мен құрамын сұрыптау,топтастыру, өңдеу; оларды корпусқа енгізу және демонстрациялау мәселесі, әрбір жазба мұраға ақпараттық белгіленімдердің құрылымы айқындалады. Сонымен қатар тарихи ішкорпус әзірлеудегі қиындықтардың бірі–лингвистикалық белгіленімдердің қойылуымәселесі назарға алынады. Ұсынылған зерттеу жұмысын кез келген тілдің тарихи ішкорпусын әзірлеуде пайдалануға болады.
Сведения · Details
- DOI 10.48371/phils.2022.66.3.012
- Журнал · Journal Журнал серии «Филологические науки»
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0