Central Asian Research Index

Журнал серии «Филологические науки», 2025, т. 66, № 3

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕНІМДЕРДЕ БІЛДІРІЛЕТІН ЭКСПРЕССИВТІ-ЭМОЦИОНАЛДЫ МАҒЫНАЛАР

Г.Д. Кошикбаева, Б.К. Еликбаев, Ә.О. Ыбырайым, С.Қ. Құлманов

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Аннотация · Abstract

Сөйленімде сөйлеуші қандай да бір ақпаратты жеткізу немесе сұрау, іс-әрекетті орындауды бұйыру, қалау сияқты мақсаттармен қатар өзінің эмоциясын, экспрессивті көңіл күйін де қоса білдіреді. Осы ретте мақалада қазақ тіліндегі сұраулы сөйленімдер арқылы білдірілетін экспрессивті-эмоционалды мағыналарды анықтау мақсаты қойылып, олардың төмендегідей түрлері айқындалды: қуану (риза болу), сену (үміттену), таңдану, таңырқау, көңілі толмау, жақтырмау, кекету, менсінбеу, уайымдау (налу), аяушылық, өкіну, күйіну, кінәлау (жазғыру), ренжу (ұрысу, кею), қарғыс. Аталған эмоционалды-экспрессивті мағыналар сөйленімде негізінен сұрау есімдіктері мен сұраулық демеуліктерінің қатысуы арқылы білдіріліп, бұл мағыналар олардың қайталануы, басқа да әртүрлі тілдік құралдармен,мысалы, демеулік шылаулармен (ғой, ғана, -ай, -ау), одағайлармен (о, апыр-ау, ә, әттең)және т.б. бірге қолданылуарқылы күшейе түсетіндігі анықталды. Сонымен қатар сұраулы сөйленімдерде білдірілетін эмоционалды-экспрессивті мағыналар жалпы сөйлеу жағдаятына (сөйлеу актісінің деректері, автордың (кейіпкердің) прагматикалық мақсаты, сөйлеу интонациясы, сөздердің сөйлемде қолданылу орны, парцелляция және т.б.), автор (кейіпкер) қолданатын әртүрлі эмоционалды-экспрессивті мағыналы тілдік бірліктерге (сөздер, сөз тіркестері, қыстырма элементтер, фразалық тіркестер) байланысты болатындығы дәлелденді.Мақалада құрылымдық-семантикалық сипаттау, мәнмәтіндік талдау, функционалды-семантикалық талдау, дифференциация, гипотетикалық түсіндіру және трансформациялау әдістері қолданылды.Мақалада алынған нәтижелердің тіл біліміндегі сөйлеу актісіндегі адресат/адресант факторы, коммуникативтік стратегиялар, тактикалар, пресуппозиция, пропозиция және постпозиция, тура және жанама сұрау мәнді сөйленімдердің перлокутивті прагматикасы сияқты ғылыми мәселелерді шешуде құндылығыаса зор деп санаймыз, сондай-ақоларды қазақ тіл білімінің морфология, синтаксис, стилистика, прагматика салалары бойынша жоғары оқу орындарында дәрістер оқуда пайдалануға болады.

Сведения · Details