Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 93-102
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫНЫҢ ЖОҚТАУ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ОБРАЗДЫ АШУ ҚЫЗМЕТІ («РЫМҒАЛИ АҒАМЕН ҚОШТАСУ» ӨЛЕҢІ НЕГІЗІНДЕ)
Аннотация · Abstract
Мақалада тәуелсіздік кезеңінің көрнекті ақыны Несіпбек Айтұлының жоқтау өлеңдерінің образды ашудағы қызметі талданады. Ақынның жоқтау өлеңдерінің кейіпкер бейнесін ашудағы қызметін талдауда «Рымғали ағамен қоштасу» деп аталатын жыры алынған. Ғалым Р. Нұрғалиге арналған жоқтауда ақынның қазақ фольклорындағы ғұрыптық жанрлардың бірі жоқтаудың мазмұнын байыта түскендігі ашылған. Бұл қазіргі жоқтаудың жаңарған үлгілерімен салыстырыла қарастырылды. Мақалада ақынның жоқтау өлеңінің көркемдік ерекшелігінің негізі – қоғам, табиғат және адам жаны аттанған белгісіз әлем туралы ойлардың сабақтастығы. Фольклордағы бар мазмұн негізінде ақын кейіпкердің бұл жалғандағы еңбектерін мадақтайды, ішкі толқыныстарын табиғат өзгерістерімен үйлестіреді. Қоғам мен табиғатқа да тұрақтай алмаған адам жанын белгісіз мекенмен байланыстырып, оның опасыздығымен түйеді. Жоқтау өлеңдерінің басты ерекшелігі де - өткен адамның ісін үлгі ету, насихаттау. Н. Айтұлы жоқтауында өкініш пен қайғы қапыда өлген кейіпкер үшін де, оны жоқтаушы үшін де жалғандығының мәні – жұмбақ әлемнің сыры болып қала береді. Өлеңнің көркемдігінің мәні де осында болса керек. Адам үшін белгісіз сырды таратып-тарапы, жауабын оқырманға қалдыруында болса керек. Кілтті сөздер: жоқтау, кейіпкер, көңіл–күй, көш, күн, қайғы, мұң, зар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/zzpc6007
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0