Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 187-198
АЛАШ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОЛЬКЛОРТАНУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ
Аннотация · Abstract
Мақалада Алаш ғалымдарының өкілі, тілтанушы, әдебиеттанушы, халық ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап насихаттаушы, шебер аудармашы, тарихшы X. Досмұхамедовтың фольклортанушылық қызметі жан-жақты қарастырылады. Мұнда Х. Досмұхамедовтың өмірі, фольклортанушы ғалым ретінде қалыптасуы, шығармашылығы сөз болады. Ақынның фолькорист ғалым ретінде қалыптасуына белгілі ғалымдар Ә. Диваев, В. Радловтардың т.б. әсер еткендігі анық. Мақалада ғалымның «Аламан», «Қазақ халық әдебиеті», «Исатай-Махамбет», «Мұрат ақынның сөздері» атты кітаптарына, фольклор үлгілерін жинаудағы ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады. Ақынның «Адай Абыл ақынның сөздерінен қалған бір жұрнақ», «Мұраттың жылқышымен айтысқаны», «Мұраттың Оразбен айтысқаны», «Мұраттың Жантөлімен айтысқаны», «Мұраттың Тыныштықпен айтысқаны», «Қалмақтың қарғысы», «Үш қиян», «Қыз» т.б. еңбектерінен фольклор мен ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда көбінесе ауызба-ауыз жинау тәсіліне сүйенгендігі көрінеді. Сонымен қатар Х. Досмұхамедов жайлы деректер мен пікірлер белгілі ғалымдар Б. Мәмбетжанұлы, Р. Әлмұханова, А. Шәріп, Қ. Жарықбаев, А. Боранғалиқызы, А. Сейталиев т.б. еңбектерінде сөз болады. Х. Досмұхамедовтың жинаған ауыз әдебиеті үлгілері болашақ ұрпақ үшін, қазақтың мәдениеті, тарихы, тілі, әдебиеті т.б. үшін маңызды, баға жетпес қазына көзі болып табылатыны сөзсіз. Кілтті сөздер: Х. Досмұхамедов, фольклор, үлгі, жинау, «Аламан», «Исатай-Махамбет», «Мұрат ақынның сөздері».
Сведения · Details
- DOI 10.48081/zwgz2231
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0