Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 1,2024, с. 207-221
ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРДЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІ
Аннотация · Abstract
Мақала қазақ паремиологиялық қордың дамуын кешенді түркология бағытында және пәнаралық зерттеуге арналады. Қазақ тілінде концепт ретінде қарастырылмаған табиғаты әлі толық ашылмаған «қарға» орнитонимінің паремияларға тірек сөз болуының уәждемесі сараланады, тілдік материалдар ретроспективті әдіс бойынша қазіргі кезеңдегі қолданыс ерекшеліктері көне және орта түркі жазба ескерткіштері мәтіндерімен дәйектеледі. Қазақ халқының мифтік-салттық кешені әлем мәдениетінің тоғысында сарапталып беріледі. Сонымен қатар қазақ дүниетанымымен байланыстырылып, әлем мәдениетімен сабақтастығы ағартушылық дәстүр аясында талданады. Әлем, оның ішінде түркі мақал-мәтелдерін тіларалық салыстыру және тарихи-этимологиялық талдау, мақал-мәтелдерді лингвистикалық зерттеу мен лексикографиялық-графикалық түсіндірудің басым бағыттарының бірі – оларды тіларалық салыстыру және бастапқы көзін іздеу болып табылады. Біршама маңызды зерттеулердің барлығына қарамастан, түркі мақал-мәтелдерін салыстырмалы және тарихи-этимологиялық талдаған іргелі зерттеулер жасалмады. Бұл мәселе славян мақал-мәтелдерін зерттеген еңбектерде кездеседі. Аталған құбылыстың таңбалық маңызы мен функционалды прагматикалық аспектісі де зерделенеді. Мақаланың мақсаты қазақ мақалдарының әлем мәдениетімен байланысын паремиологиялық қордағы «қарға қарғаның көзін шұқымайды» мақалының трансформациясын интерпретациялау арқылы сипаттау. Кілтті сөздер: паремиологиялық қор, кешенді түркология, фольклор, фразеологиялық бірлік, когнитивтік семантика, «қарға» орнитонимі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/zvqu1141
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0