Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 2,2025, с. 278-291
ТЕМІРЖОЛ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ ДАТЧИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Аннотация · Abstract
Теміржол Қазақстанда қоғамдық көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып табылады. Теміржол желілері мен қызметтері күннен күнге артып келе жатқан адам және жүк тасымалдау сұранысты қанағаттандыратын көлік құралы жүйесі. Мұндай жүйені қатал пайдалану және жүктеу жағдайларында қолдану оларды тозуға және бұзылуға ықтималды жасайды. Демек, теміржол жолдары жағдайын әрдайым сапалы және уақытылы бақылау жүргізу теміржол құрылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі табыстың кілті. Сондай-ақ техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады. Заманауи әлемде талшықты-оптикалық датчиктерді белгілі бір құрылымдардың күйін бақылау үшін кеңінен қолдана бастады. Бүгінгі күні ондай датчиктердің көлемі кішкентай, салмағы жеңіл, физикалық көрсеткіштеріне сай электромагниттік кедергілерге, коррозияға төзімді болып келеді. Талшықты-оптикалық датчиктер нақты уақыт режимінде өлшеу арқылы теміржол жолдары бойында пайда болған механикалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада талшықты-оптикалық датчиктер жайлы негізгі ұғымдар, жұмыс істеу принциптері, нақты теміржол саласында қолданудың артықшылығы мен кемшіліктері, талшықты-оптикалық технологиялардың инновациялық мүмкіндіктері мен болашақ қолдану перспективалары қарастырылады. Сонымен қатар, Брэгг талшықты торлары негізінде құрылған датчиктердің теміржол саласында пайдаланудың тиімділігі бағаланады. Кілтті сөздер: талшықты оптика, талшықты-оптикалық датчик, жарық толқындары, Брэгг талшықты торлары.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ztod8461
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0