Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2024, № 2.2024, с. 82-95
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Қазіргі уақытта гипермәтіндік түрдегі электрондық оқулықтарды әзірлеу және оларды оқу процесіне енгізу үрдісі белсенді сипатқа ие болуда. Көптеген жұмыстарға қарамастан электронды оқулықтарды пайдалана отырып оқыту технологиясы әлі де жетік меңгерілмеді. Толық электронды оқулық – бұл жай ғана баспа басылымының цифрланған нұсқасы емес, ол техникалық құралдардың тұтас кешені – мәтінді, дыбысты, бейнені, графиканы және анимацияны біріктіруге мүмкіндік беретін өнім, сол себепті электронды оқулықтарды пайдалана отырып оқытуға көшудің артықшылықтары жетерлік. Физикадан электрондық оқулықтарды қолдану басқа пәндерге қарағанда ерекше орын алады, өйткені электрондық оқулықтың көмегімен көптеген құбылыстарды көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі туындайды, сонымен қатар білім алушыларға әр теориялық бөлімнен кейін практикалық тапсырмалар мен зертханалық жұмстарды, өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмаларын орындауға, оқулықтағы ақпаратты іздеу жүйесін, интернетте орналастырылған әртүрлі мәліметтерге сілтемелерді жасау мүмкіндігі туындайды. Компьютерлік анимацияны пайдалану күрделі графиктерді, диаграммаларды және макро-микроәлем құбылыстарын визуализациялауға мүмкіндік береді, ал бұл қарапайым оқулықтарды пайдалану кезінде мүмкін емес. Осының арқасында оқу процесі студенттер үшін қызықты және есте қалатындай болады, бұл білім алушылардың материалды меңгеруіне жақсы әсер етеді. Мақалада авторлар iSpring Suite бағдарламасы арқылы жасалған «Кванттық физика» курсы үшін электронды оқу құралын жасау және пайдалану тәжірибесімен бөліседі. Кілтті сөздер: білім алу, электронды оқулық, оқу процесін белсендіру, білім сапасын арттыру, білім беруді даралау.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ztic4673
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0