Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2025, № 2, 2025, с. 50-61
АЛАШОРДА ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ
Аннотация · Abstract
Алаш философиясы қазақтағы ағартушылық ісінің екі буын арасындағы сабақтастыққа және кез келген мәселені ұлт тұрғысынан сыни ойлау, ұлттық менталитет іргетасын мықтап қалау идеясына құрылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқының ұлттық санасы мен тарихи жады жаңғырып, ұлттың рухани болмысын айқындайтын төл құндылықтарымыз қайта жаңғыра бастады. Кеңестік дәуірде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларының ғылыми мұрасы бүгінгі күні қайта зерделеуді қажет етеді. Алаш қайраткерлерінің идеялары — қазіргі ұрпақты ұлтжанды, кемел тұлға ретінде қалыптастыру жолында маңызды рухани бағдарға айналды. Алаш зиялыларының қай-қайсысы болса да ұлттық дүниетаным кеңістігінде сіңірген еңбектері орасан зор. Аталмыш мақалада Алаш қайраткерлерінің философиялық мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жасалынып, оқу-тәрбие,ғылым үдерісінде,қоғамда ұлттық сана қуатын жетілдірудің мүмкіндіктері айқындалып, соның негізінде ұлттық тұлға қалыптастырудың тұжырымдамасы туралы мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар қазақ философиясының ғасырлар бойы дамып жүйеленген тағылымдық-тәрбиелік тәжірибесі, ұлттық тұлғаға қатысты ғылыми-теориялық ой-пікірлері,оның ішінде Алаш қайраткерлерінің философиялық еңбектеріндегі тұлға қалыптастыру,ұлттық сананы жаңғырту мен жасампаз етудегі жөніндегі пікірлеріне талдау жасалынады. Алаш қайраткерлерінің ұлттық көзқарастарын танытатын мұралары негізінде ұлттық тұлға қалыптастыруда «ұлттық болмыс», «жан-жақты жетілген тұлға», «ұлттық тұлға»т.б. ұғымдарына салыстырмалы талдау арқылы сипаттама беріледі. Кітті сөздер: Алаш қайраткерлері, ұлттық сана, ұлттық таным, рухани көзқарас,саяси көзқарас,дүниетаным.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/zrlc9898
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0