Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 4,2025, с. 188-206

ШАҒЫН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ТИІМДІЛІГІ: ГИБРИДТІ ЖЕЛ-КҮН ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

С. С. Исенов, Қ. Б. Байбейсенова, Г. С. Нұрмағанбетова

Аннотация · Abstract

Қазіргі таңда тұрақты энергетикаға жаһандық көшу және қазба ресурстарының сарқылуы жағдайында шағын ауылдық елді мекендерді сенімді әрі экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етудің тиімді әрі тұрақты шешімдеріне деген сұраныс артып келуде. Осындай жағдайда ең перспективалы бағыттардың бірі - күн және жел генерациясын біріктіретін гибридтік жүйелерді пайдалану болып табылады. Мұндай жүйелер тәулік бойы үздіксіз сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етіп, дәстүрлі отын көздеріне тәуелділікті азайтады, парниктік газдардың шығарындыларын төмендетеді және энергия шығындарын қысқартады. Мақала жазу аясында және зерттеу барысында гибридтік жел-күн қондырғыларының артықшылықтары, олардың шалғай ауылдық аумақтар үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы, сондай-ақ экологиялық және қаржылық тиімділігі қарастырылады. Сонымен қатар энергияны басқару мен жинақтаудың заманауи технологияларының орнықты даму контексіндегі рөлі айқындалады. Алынған нәтижелер Қазақстан Республикасының ауылдық өңірлерін тұрақты дамытудың негізі ретінде гибридтік жүйелерді енгізудің тиімділігін дәлелдейді. Мұндай тәсіл ауыл инфрақұрылымының жаңғыруына, жұмыспен қамтудың артуына және жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындылары біздің еліміздің орнықты энергетикалық болашағын қалыптастыруға ғылыми негіз бола алады. Кілтті сөздер: гибридтік энергетика, жаңартылатын энергия көздері, жел-күн қондырғылары, энергия тиімділігі, шағын елді мекендер, тұрақты даму, орталықтандырылмаған электрмен жабдықтау.

Сведения · Details