Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 360-368

ЭНАНТИОСЕМИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛАРЫН ШЕКТЕУШІ ҚҰРАЛДАР

Айсұлу Балтабайқызы Нұртаева, Гүлмира Қалыбайқызы Абдирасилова

Аннотация · Abstract

"Мақалада энантиосемияның түрлері және энантиосемиялардың функционалдық өзгешелігіне, түзілісіне, жасалу жолдарына қарай жіктелісі сөз болды. Энантиосемия – объективті құбылыс. Кейін пайда болған энантиосемиялар көпмағыналылықтың нәтижесінде пайда болған. Энантиосемия барлық тілде бар құбылыс болғанмен, жеке құбылыс ретінде зерттеп, қарастырғандар санаулы ғана.Функционалдық өзгешелігіне, қарама-қарсы қойылған семантикалық жұптарының табиғатына қарап, энантиосемиялар екіге бөлінеді: номинативтік энантиосемия және эмоционалды-экспрессивті энантиосемиялар. Номинативтік энантиосемия және эмоционалды-экспрессивті энантиосемиялардың даму ерекшеліктері және олардың мәтінде берілуін мысалдар арқылы айқындалды. Тіліміздегі әр сөзге әртүрлі мағыналық реңк беріп, айта беруге болады, десе де олардың бәрін бірдей энантиосемияларға жатқызуға болмайтындығы қарастырылды. "

Сведения · Details