Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2023, № 4,2023, с. 228-236

ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРТТЕУ

А. Н. Конкыбаева, К. Т. Шеров, Я. Циеслик, А. Е. Окимбаева, К. И. Имашева

Аннотация · Abstract

Автобус жылжымалы құрамы қалалық жолаушылар қоғамдық көлігінің ең қарапайым түрі. Ол арнайы көлік құрылғыларына (байланыс желілері, электр энергиясымен жабдықтауға арналған құрылғылар, рельс жолдары) айтарлықтай шығындарды қажет етпейді, көлікті пайдалануға беру мерзімі аз, маршруттарды жедел өзгертуге болады, біржолғы қажеттіліктер үшін үлкен көлемдегі тасымалдауды тез ұйымдастыруға да мүмкіндік береді. Ұсынылған мақалада Қазақстанның бес ірі қаласында автобустардың жаппай жолаушылар тасымалына қатысуына талдау жүргізілді, сондай-ақ Астана қаласында тұрақты жолаушылар тасымалының жай-күйі сипатталды. Қаланың жолаушылар көлігі жүйесінің тиімділігіне әсер ететін негізгі көрсеткіштері келтірілген. Жылжымалы құрам паркін пайдалану көрсеткіштерінің есебін кезең ішінде емес, бір күн бөлінісінде жүргізудің орындылығы негізделген. Сонымен қатар, Астана қаласының №1 Автопаркінде қызмет көрсететін жылжымалы құрам желілері бойынша қалалық жолаушылар көлігінің (ҚЖК) жұмысы зерттелді және ҚЖК-де жолаушылар тасымалдауын сапалы түрде ұйымдастыруға сол автобустардың мерзімінен бұрын сынып қалуынан және басты құрылғылар мен тораптардың істен шығуынан да туындайтын тоқтап қалулар айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Отандық автоөнеркәсіп жағдайында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындау және жұмыстың ұйымдастыру сапасын зерттеу мен зерделеу қажеттілігі анықталды. Себебі бұл қаланың жолаушылар көлігі жүйесінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Кілтті сөздер: автобус, қалалық жолаушылар тасымалы, жылжымалы құрам, парктің техникалық көрсеткіштері, жылжымалы құрам резерві, жөндеу-қалпына келтіру.

Сведения · Details