Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2022, № 3.2022, с. 135-141
ҚЫСҚАТҰЙЫҚТАЛҒАН РОТОРЛЫ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ЭНЕРГОТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРыЛАТУ ТӘСІЛІ
Аннотация · Abstract
"Бұл мақалада «Қысқа тұйықталған рогторлы асинхронды қозғалтқыштардың энерготиімділігін жоғарлату тәсілі» қазіргі заманғы электр жетегінің жүйелерінде жиі қолданылатын қозғалтқыштардың теориялық моделі ұсынылған. Олар өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және тұрмыста кеңінен таралған.Бұл электр машиналарының теориясы жоғары оқу орындарының ірі және кеңінен танымал ғалымдары, конструкторлары мен профессорлары болып табылатын отандық және шетелдік авторлардың оқулықтарында үйлесімді және қисынды жазылған.Теориялық және практикалық қолданудың дамуына ғалымдар үлкен үлес қосты.Осы мәселенің зерттеуін бастамас бұрын ең алдымен, қысқа тұйықталған ротормен бейсинхронды қозғалтқыштарында ротор ойықтарын жобалау бойынша қандай ұсыныстар бар екенін анықтайық. Біріншіден, осы өнімдер өндірісінің көп жылдық тәжірибесі бар ротор ойықтарының тексерілген ұтымды саны бойынша көлемді мәліметтер бар. Басқа сөзбен айтқанда, техникалық әдебиеттерде кез келген талап етілетін жағдайға ротор ойықтарының саны және олардың кескіндемелері бойынша нақты ұсыныстар болады. Екіншіден, ротордың барлық ойықтар ауданы одан да артық болу тиіс. Алайда, ондай тікелей сілтеме жоқ, бірақ бұл есептік қатынасын шығару барысынан анықталып,ротордың белсенді кедергілері тиімді электр магниттік түрленуіне бейсинхронды қозғалтқышының қабілетіне жағымсыз әсер етеді. Кілтті сөздер: қозғалтқыш, ротор, статор, энерготиімділік"
Сведения · Details
- DOI 10.48081/zjmy1827
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0