Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 213-227

УМАН РАМАЗАН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ

Қ. Т. Жанұзақова, А. А. Көшекова, М. Қ. Ахетов

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар жазушы Д. Рамазан шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, қаламгер туындыларындағы психологизмнің бейнелеу құралдары, постмодернистік сарын, т.б. теориялық мәселелер қарастырылады. Жазушы Думан Рамазан XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындағы әдеби үдеріс аясында өз қолтаңбасымен ерекшеленіп, прозада адам жанының тұңғиық тереңінде болып жатқан алуан психологиялық өзгерістерді шебер бейнелейді. Қазіргі әдебиетте жиі көрініс беретін постмодернизмнің дәстүрлі баяндау тәсілдерін қолданбай, сананың сырлы иірімдеріне, адам психологиясына құлаш ұра отырып қалам тербейді. Жазушы әңгімелерінен кейіпкерлердің психологиясын суреттеуде прозамен қатар қалам тартып, қыры мен сырын меңгерген сахналық драмаға тән жанрлық сипаттарды аңғарамыз. Қаламгер адамзат тарихында шешімін таппай келе жатқан қомақты пәлсапалық тақырыптарды, ірі тұлғалардың тағдыр-талайын қайта парақтау арқылы пайымдауға тырысады. Мақалада Думан Рамазанның «Жын», «Құса», «Көкжал», «Күйік» әңгімелері мен «Кенесары – Күнімжан» драмалық туындысындағы кейіпкердің ішкі жан әлемін бейнелеудегі психологиялық тәсілдер, философиялық ой-тұжырымдар мен тілдік-стильдік ерекшеліктері талданады. Думан Рамазан прозасындағы постмодернистік белгілер мен психологизм элементтері көрініс тапқан тұстар зерттеліп, өзара байланыста қарастырыла отырып, жазушының көркемдік әлемі сараланады. Әлеумет тіршілігінің қия-қалтарысындағы адамның рухани құлдырау және өрлеу жолдарын арқау еткен әрқилы сипаттағы әңгімелерінде бүгінгі ұлттың шынайы бет-бейнесі сомдалған. Жатбауыр ұрпақ, рухани азғындаған қандықол қылмыскерлер психологиясын суреттеу арқылы жазушы тұлғалық рухани күйреудің себеп-салдарын ашуға ұмтылады. Кілтті сөздер: психологизм, постмодернизм, проза, ішкі монолог, сана, көркемдік әлем.

Сведения · Details