Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 180-193

Деңгейлі бағдарлама негізінде педагогикалық мамандық студенттеріне қосымша кәсіби білім беруді рефлекциялық талдау

Едігенова А.Ж.

Аннотация · Abstract

Мақала қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер талабына сәйкес оқытудың жаңа қадамдары қарастырылады. Мақалада Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орны бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы іс-тәжірибеге рефлекциялық талдау жасалған. Мақала мазмұнында осы бағдарлама аясында жоғары оқу орнында студенттермен өткізілген сабақтарда әр түрлі әдістер мен тәсілдердің қолданылуы және олардың тиімділігі баяндалады. Сонымен қатар, деңгейлік бағдарламаның модульдері бойынша өткізілген сабақтар барысындағы оқытушы мен студенттердің өз ара біріккен іс-әрекеттері ашылады. Қолданылған әдістер мен тәсілдердің оқыту процесінің соңғы нәтижесіне ықпалы анықталған. Педагогикалық мамандықтар даярлайтын жоғары оқу орны оқытушылары пайдалы ақпараттар ала алады.

Сведения · Details