Science and Technology of Kazakhstan, 2023, с. 163-172
"ІШКІ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАҢДАУ"
Аннотация · Abstract
"Сапасы жоғары материалдарды пайдалануға сұраныс күннен-күнге арту үстінде. Құрылыс материалдарын пайдалану кезінде экономикалық және әлеуметтік факторларды қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар эстетикалық аспектілерді ескеру қажет. Жоғары стандартты құрылыс кешендерін алу үшін оларға қолданылатын материалдар да белгілі бір талаптарға сай болады. Мақалада соңғы жылдары қолданылған шетелдік құрылыс және біздің елде тиімді деп саналатын ішкі құрылыс жөндеу жұмыстарында қолданылатын материалдарға шолу жасалған. Еңбек шығындарын азайтуға және елдегі құрылыс саласының экономикалық өсуін төмендетуге бағытталған тиімді материалдардың маңыздылығы сипатталады. Өндірістің қарқынды дамуына және құрғақ құрылыс қоспаларының (ҚҚҚ) ассортиментінің кеңеюіне байланысты олардың құрамындағы жергілікті шикізатты пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Құрғақ құрылыс қоспасы-цемент, гипс, полимер сияқты компоненттер негізінде жасалған ұнтақ өнім. Модификатор қоспаларының арақатынасын реттеу арқылы қоспаның қасиетін әдейі өзгертуге болады. Кәдімгі құрғақ қоспалардағы негізгі элементтер-гипс, әк немесе цемент. Сондықтан, авторлармен бор-күл-гипс қатысындағы ішкі құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жаңа құрғақ құрылыс қоспасын алу әдісі ұсынылады. Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша тез жабысатын және жылдам кебетін құрғақ құрылыс қоспасын алу әдісі ұсынылды және техникалық көрсеткіштері анықталды. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/zewo5233
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0